60
ды, кейбір
жармалардың ядросын майдалайды, ал майдаланған
қиыршықтарға дөңгеленген немесе шар тәрізді бет береді. Жарманы
ажарлайды және жылтыратады, нәтижесінде оның сыртқы түрі өзгереді;
соңында өлшемдері бірыңғай қиыршықтайды жеке топтайды. Жарма
дақылдарының әр түрлі болуы және алынатын өнімдердің ассортиментінің
көптігі қауыздау бөлімінің технологиялық опрецияларының күрделілігіне
әсерін тигізіп, қолданатын қажетті жабдықтарды таңдауды айқындайды.
Қайта өңделетін жарма дақылдарының ерекшеліктеріне қарамастан
кейбір үдерістер барлығына тән келеді.
Қауыздау бөлімінде орындалатын жалпы операциялар: қауыздауға
дейін астықты ірілігі бойынша сұрыптап топтау; қауыздау өнімдерін
сұрыптау; ядроны ұсақтау немесе кесу; ядроны ажарлау; ажарланған
ядроны жылтырату; жылтырланған ядроның бетін өңдеу; жарманы ірілігі
бойынша
сұрыптау және жарманы тексеру; қалдықтарды тексеру.
Қауыздау бөлімінің технологиялық үдерісінің бірізділігі 19суретте
келтірілген. Бұл бірізділікосымен тоқтау емес, себебі тоғыз дақылдың
ерекшеліктеріне байланысты кейбір толықтырулар болуы мүмкін.
Алынатын өнім түрлері және технологиялық нобайдың ерекшеліктері
жеке операциялардың дамуын немесе болмауын анықтайды, мысалы,
күріш, қарақұмық және тары өңдеуде ядро майдаланбайды.
4.2 Қауыздау алдында астықты сұрыптау
Астықты мұқият дайындап және
партия таңдалғанымен оның
өлшемдері бірдей болмайды. Сондықтан өңдеу режимдерін тиімді пайда
-
лану мақсатымен, әсіресе қауыздауда, астықты ірілігі бойынша бірнеше
фракцияға топтау қажет. Ірілігі бойынша дәлірек топталғанда, сұрыптау
үдерісімен тығыз байланысқандықтан, қауыздау машиналарының
тиімділігі жоғары болады.
Ірі фракцияны қауыздауда қауыздағыш машиналарының (білікті дека
-
лы станок, қауыздағыш постав) жұмыс органы аралығы алшақтау қояды,
ал майда дән үшін жақын болады. Сұрыпталынбаған астықты қауыздауда,
бірқалыпты қойылған аралықта, ірі дән көбірек майдаланады, қауыздау
тиімділігі төмендейді, ұнтақ шығымы артады. Бірінші жағдайда ядро
майдаланады, өндірістің тиімділігі төмендейді, екіншіде қауыздалмаған
дәнді қайтара өңдейді, ал бұл үдерістің тиімділігін төмендетеді.
Дәннің майда фракциясын қауыздауға, осы партияның ірі фракция
мен салыстырғанда, едәуір көп әрекет қажет және кейбір кезде май
-
да фракцияны қосымша өңдеу қажет болады. Сұрыпталмаған дәнді
62
Електің елеуіштігі – елеудің алғашқы этапында електің бір өлшемінен
өтетін заттардың салыстырмалы мөлшері жоғары, одан кейін азаяды.
Бұл тежелуді төмендегіше түсіндіруге болады: бастапқыда електен
өтетін заттар көп мөлшерде, содан кейін қаспада ол заттар азаяды, ірі
заттар (өлшемдері елек саңылауына жақын), електен өтетін, басымдау
келеді, бірақ олар електен қиындау еленеді, көбірек уақытты талап етеді.
Сұрыпталған астықтың мөлшері електің нақты елеу бетіне тәуелді; бұл
жағдайда елек бетіне қозғалатын заттың салыстырмалы жылдамдығы
көп болмай бірқалыпты байсалды. Жарма дақылдарының елек бетіндегі
динамикалық үйкеліс коэффициенті бірдей емес, мысалы, құрғақ тары
дақылының металл тканьды елек бетіндегі үйкеліс коэффициенті 0,29,
қарақұмық 0,38, елеу үшін әр дақылдың үйкеліс коэффициентін ескеріп
елек бетінің ылдилығын таңдайды, ал кривошиптің айналу саны оның
радиусына байланысты. Елек бетінің ені бойынша астықпен бірқалыпты
толуы түсетін астықтың қөлеміне лайықты таңдалады.
Елек бетін толық пайдаланып, жүктеме бір қалыпты елек енін тол
-
тырып, елек саңылауларын уақтылы тазалап, астықты мөлшерден көп
бермей үдерісті Ережеге сай жүргізу қажет. Астықты көп берсе, онда
сырғыма өнімде електен өтетін заттар қалады және майда фракция
сырғыма (електен өтпеген өнімдер) өнімдермен бірге кетеді.
Елеу барысында електе астық өзіндік сұрыпталу үдерісі өтеді.
Толмаған және тығыздығы төмен дән қоспаның бетіне қалқиды. Жақсы
толған майда дән астыңғы қабатқа жиналып ертерек еленеді. Егер
сырғыма
өнімде майда заттар болса, онда ол толмаған майда дән.
Електі рамасы ылди орналасқан, астық қабылдаудан шыққанша
бір шама жол жіретін (орташа 2 м), сұрыптауыш машиналар астықты
қоспалардан тазартуда, фракцияға колибрлеуде, нөмірлі жармаларды
алуда қажетті жабдықтар қатарына жатады.
Достарыңызбен бөлісу: