Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 Ә. Ізтаев, К. Б. Байболов



Pdf көрінісі
бет33/161
Дата14.06.2022
өлшемі16,75 Mb.
#146530
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   161
Байланысты:
(K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы

Ao
1
B
= = 15
°
және төменгі 
Bo
1
C

2
= 45
°
Білік пен дека аластауының ең үлкен көрсеткіші радиусының көл­
денең түзу бағытында тіркеледі. Осы радиустан қабылдау немесе өнімді 


65
шығару саңылауынан алшақтағанда 
a
1
және 
a

бұрыштары неғұрлым 
үлкен болса, соғұрлым саңылау кішірейеді.
Аралық саңылау (
b
1
және 
b
2
) қауышу косинус бұрышына байланыс­
ты өзгерісте болады. Астықты қабылдау нүктесінде 
b

=
 
b


cos
1
, оның 
шығу нүктесінде 
b

=
 
b


cos
2
. Мысалы, егер деканы біліктан 
b


5
 мм 
жылжытсақ, онда қабылдау нүктесінде саңылау 5 cos 15
° 

4,8
 мм
, ал 
шығу нүктесінде 5 cos 45
° 

3,5
 мм 
тең болады.
Жұмыс зонасының осындай формасы (орақ тәрізді) қарақұмық дәнін 
жеке қауыздауға мүмкіндік береді. Қарақұмықтың үш бұрышты дәнін 
білік жұмыс зонасына қыры қырына айналдырып сығады. Орақ тәрізді 
ортада білік пен дека аралығы азаяды да, дән ортада сыналанады. Дәннің 
қалыңдығы енінен кем келеді. Дәннің қыры бойынша сығылған жағдайда 
қауызы алынған ядро босап, станоктан шығады.
Қарақұмық дәнінің өлшемі (миделді қиындысы) ядродан үлкен, сол 
қиындыда 0,5­1,3 мм артық, сондықтан ядро жұмыс зонасына майдалан
-
бай бос өтеді, егер біліктың айналма жылдамдығы айтарлықтай көп бол
-
маса және ортаға тепкіш күш кернеуді шамдандырғанда пайда болатын 
кернеу айтарлықтай жоғары болмаса. Өнімнің шығар жерінде білік пен 
дека аралығы ядроның енінен көп болуы қажет. Осы аралықты b
2
електің 
саңылауын (өтетін фракция) 0,8 (
b
2
= 0,8
D
) есептейді. Қарқұмықтың I 
және II фракцияларын қайта өңдеуде біліктың айналу жылдамдығын –14­
15 м/с, III және IY 12­14 м/с, Y және YI ­ 10­12 м/с таңдайды.
Станоктың жұмыс органы, білік және дека беттері, майда дәнді табиғи 
кварц кенінен жасалған жағдайда ең жоғарғы көрсеткіш алуға болады; 
жұмыс органдраы жасанды абразивті материалмен жасалған машиналар
-
мен салыстырғанда майдаланған ядро мөлшері өте аз болады. Дегенмен 
құмдақ қажетті деңгейде мықты болуын және құрылымы біркелкілігін 
қадағалау қажет, керісінше болған жағдайда құмдақ біркелкі тозбайды 
және қауыздау тиімділігі төмендейді.
Кейбір қарақұмық зауыттарында білік пен деканы жұмыс орында
-
рында құяды, ол үшін арнайы рецепт жасалады, толықтырғыш ретінде 
зімпараны немесе суда мұқият жуылып, еленген сулы жердегі құмды 
қолданады.
Жұмыс барысында жұмыс бетінің қыры біртіндеп жылтырайды, оның 
микрогеометриясын кертіп орнына келтіреді.
Тарыны қауыздау үшін білік бетін зімпаралы массадан, ал деканы корд 
араласқан техникалы материалдан жасайды (20­сурет). Декамен білік 
аралығы дәнді қабылдау орнынан шығарға дейін тарылады. Осындай 
аралықта дәннің өлшеміне байланысты ол білік пен дека нүктелерінде 


66
шектесіп түйіседі, олардың әрекеті әсерінен қысылып, біліктың айна
-
лымынан сырғыту, ал дека тежеу күшін береді. Тары дәні қарақұмық 
дәніне қарағанда қаттылау, біліктің резинасы аздаған серпімділік беріп, 
дән білікке жақындап, әрекет күшін арттырады, осының әсерінен гүлді 
қабық опырылады, бұл жағдайда дән айтарлықтай майдаланбайды. 
Дәнге әрекет ететін күштің кернеуі қабықтың қаттылығынан жоғары, 
ал ядроның қаттылығынан төмен болуы қажет. Серпімді декамен білік 
аралығын 1,2 мм орналастырады. Жұмыс органының сына типті бо
-
луы, өнімнің шығар аралығында қысылуы және серпімді декамен 
бірлескен әсерінен, тарының фракцияға бөлінуіне қарамастан, дәннің 
қауыздалуына мүкіндік туады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет