70
тік айналғыш білікке орналасқан. Астық жоғарғы табақ ортасындағы
саңылау арқылы айналғыш табақша арқылы төменгі айналғыш бетке
түседі, ортаға тепкіш күш әсерінен жұмыс зонасына – айналатын және
айналмайтын табақтар ортасына бағытталады – сақинаR r).
23-сурет
.
Қауыздағыш тас диірмені
а – разрез, б – дән қозғалу траекториясы (1 – қозғалмайтын табақшаға
қатынасты, 2 – айналатын табақшаға қатынасты)
Егер табақшалар аралығы дәннің өлшемінен үлкен болса, онда жұмыс
зонасында айналғыш табақпен, жайпақ центрифуга жұмысын атқаратын
дән еркін жылжиды. Осы жағдайда үйкеліс күші тек дәннің бетке тиіскен
жерінде өтеді, ол күштің деңгейі үйкеліс коэффициентіне көбейткенге
тең. Ашық жұмыс бетінің зонасы мен айналған дискпен
салыстырғанда,
дәннің қозғалу траекториясы айналғыштың ішкі шеңбері rдің және оның
сыртқы шеңбері R қозғалу бағытына жылжиды. Осы жағдайда дәннің
жылжу жылдамдығы артады:
71
v = wp,
мұндағы
w
– айналғыштың бұрыштық жылдамдығы (барлық нүктеге
тұрақты);
p
– жылжитын дәннің тұрақсыз жылжу радиусы (
r < p < R
).
Ортаға тепкіш күш
C = mw
2
p
Айналмайтын табақпен салыстырғанда дән бірнеше орам шиыршық
жасайды, себебі айналатын табаққа салыстырмалы жылжып, табақшаның
өзімен қозғалады.
Қауыздау зонасында, табақшалар аралығы дәннің өлшемінен аз болған
жағдайда, тік берілетін күш, дәнді сығу үшін жұмсалатын күш, дәннің
массасынан артық өседі. Сығуға қарсы күштің реакциясын төменгі және
астыңғы табақшалар қабылдайды және ол табақшаға әсер ететін дәннің
үйкеліс күші ретінде қабылданады. Үйкеліс коэффициенттері тең бол
-
са, онда екі үйкеліс күші тепетеңдік жағдайда болады, бұл табақша ма
-
териалдары және қозғалыс жағдайы бірдей екендігін көрсетеді. Шама
-
лы сығылған дән, біріншіден, ортаға тепкіш күшті, жұмыс зонасынан
лақтырғысы келетін, ал
екіншіден, тежелдіретін күшті иемендейді.
Дәннің қозғалу жылдамдығын, төменгі айналғыш табақша айна
-
луымен салыстырғанда, салыстырмалы деп атайды, ал қозғалмайтын
жоғарғы табақшамен салыстырғанда нақты (абсолютті) болады.
Дәнге әсер ететін күштің бағыты үйлеспейді, себебі айналатын
табақшаның сығу әрекетінен пайда болған үйкеліс күші салыстырмалы
жылдамдыққа қарсы беттеледі, ал қозғалмайтын табақшадағы үйкеліс
күшіне – нақты күшке қарсы келеді.
Екі күштің әрекет орындарының айырмашылығы болады: айналғыш
табақшаға үйкеліс күші тек осы бетке әсер етеді, ал қозғалмайтын беттегі
күш – тек осы бетке. Айналатын табақшаның бетіне түйісетін дәннің
сыртқы беті (гүлді қауыз, қауыз, қабық) үлкен күш әсерін қабылдайды,
ал қарсы беті, қозғалмайтын табақшаға қараған беті, әлсіздеу күшті
сезінеді.
Осы күштердің әсерінен дән табақшаның ортасынан шеткі жағалауына
қисық жолды сызады. Қозғалу жылдамдықтарының және күштерінің
айырмашылықтары дән ортадан шетке ығысқанда арта түседі, өйткені осы
шақта айналу жылдамдығы арта түседі, демек салыстырмалы жылдамдық.
Жылдамдық пен күштің өсуі салдарынан қабықтарда күрделі деформация
пайда болады, осының әсерінен ядро қабығынан босайды.
Табақшаның
шеткі айналмалы жылдамдығы,
сұлыны бірінші
қауыздауда 1418 м/с, ал сырғыма өнімдерді қауыздауда – 14 м/с.
Қауыздағыштың жұмыс зонасына түсердегі
дәннің айналмалы
жылдамдығы шеткі жылдамдықтан 1,5 есе аз келеді. Екі табақшаның
жұмыс беті арықшасыз тегіс кедірбұдыр бет болуын қадағалау керек.
72
Жоғарғы технологиялық көрсеткіштерді алу үшін қауыздағыштардың
сапалы жұмысын қамтамасыз ету керек. Егер алынған өнімде майдаланған
ядро шығымы көп болса, онда оның пайда болу себебін анықтап, тиісті
шараларды қолдану қажет.
Қауыздау коэффициенті жоғары болып, майда ядро шығымы мейлінше
аз болса, онда қауыздағыштың жұмысы тиімді болғаны.
Достарыңызбен бөлісу: