69
Қарастырылған кинематикалық параметрлерге жылдам айнала
-
тын біліктің жылдамдығы және К қауыздау тиімділігіне елеулі әсерін
тигізеді. Осы параметрлер дәннің қауыздау жұмыс зонасындағы
қозғалыс жылдамдығын, күрделі деформациялану жылдамдығын және
динамикалық кернеу әсерінен қабығының қирауын анықтайды.
Қауыздау үдерісінің тиімділігі қауыздау коэффициенті және ядроның
майдалану көрсеткіштерімен сипатталады. Үдерістің тиімділігіне дәннің
геометриялық параметрлері, біліктердің айналу жылдамдығы және
олардың қатынасы әсер етумен қатар, дәнді сығу дәрежесін анықтайтын,
жұмыс зонасы аралығы, сығу және жылжыту күші, берілетін жүктеме
және білік ұзындығын толтыру көрсеткіштері елеулі рөл атқарады. Со
-
нымен қатар біліктерді қаптайтын резина сапасы және қаттылығы елеулі
орын алады.
Күріш дәнін өңдеуде жылдам айналатын біліктің жылдамдығы –
9,2 м/с, ал жай айналатын білік жылдамдығы – 6,2 м/с. Біліктердің
жылдамдығын арттырып станоктың қуатын өсіруге болады, есесіне
қапталған резина тез істен шығады және тербелу өседі, нәтижесінде ва
-
лец аралық саңылау дәлдігі бұзылады. Жылдамдықтар қатынасы К =
1,45. Көрсетілген тиімді режимдер – біліктердің параметрлері, жұмыс
аралығын орнатқандағы технологиялық жетістіктер жүктемеге және ре
-
зина төзімділік дәрежесіне тәуелді келеді. Біліктерге түсетін меншікті
жүктеме 70 кг/см*сағ аспауы қажет немесе бір станокқа 2800 кг/сағ.
Жүктемені ұлғайту үдерістің технологиялық тиімділігін тез төмендетеді,
резина жылдам істен шығады. Тез айналатын білік істен шыққанда екі
білікті бірдей ауыстыру керек.
Білікті қаптайтын резинаның сапасы және мықтылығы қауыздау
тиімділігіне және біліктердің жұмыс ұзақтығына көбірек әсерін тигізеді.
Резинаның мықтылығы (8590 Шору бірлігі аралығында) біліктердің
қызу температурасы дәрежесіне байланысты. Біліктердің температурасы
жоғарыласа резина жұмсайды, ал біліктерді желдетіп суытқанда өзінің
төзімділік қасиетін сақтап қалады.
Білікті қауыздағыштардың құрылымы күрделі емес, габаритті
өлшемдері ықшамды болғанымен, қуаты жоғары, қауыздау коэффициенті
жақсы (9294%), ядроның майдалануы көп емес. Кемістіктері – білік
резинасының тез істен шығуы (әсіресе, жаз айларында) және оның
елеулі бағасы.
Достарыңызбен бөлісу: