90
Қауыздалған және қауыздалмаған өнімдерді жоғары дәлдікпен айы
ру үшін оларды жеке триерлерде тексеруден өткізеді. Дискілердің
ұяшықтары 8 мм триерлерде ядроны тексеріп қауыздалмаған дәнді
бөледі, сұрыпталынған массадан 9 мм триерлерде ядроны алады. Кейбір
жағдайларда дискілі триерлерде алынған ядроны паддимашинада
тексереді.
Қауыздалған дәнмен араласқан ядроны бөлу үшін жарма бөлгіш маши
-
наларды қолданады. Отандық жарма зауыттарында паддимашиналарды
кеңінен қолданады. Паддимашина астауша каналдары бар бірнеше
қабаттан тұратын, олардың табаны жылтыр, бүйір қабырғалары ирек
орындалған. Кәрзеңкесі жазықтықта, астауша бағытына перпендикуляр,
көлденең түзу тербелмелі қозғалады (29сурет).
29-сурет
. Паддимашинада қауыздалған
өнімдерді сұрыптау сызбасы
а – бүйірінен көрінісі; б – ашық каналдар көрінісі
Жазық беттегі канал ұзындығы бойынша сынған: табанында үлкен
ылди бұрышы және қауыздалмаған дән сыртқа жылжитын, ал кіші
бұрышы, қауыздалған өнім жүретін жол бойынша, ұзындау келеді.
Сұрыпталатын өнім табаны сынатын жерде орналасқан каналға түседі.
Канал тербелмелі қозғалыста қоспа бөлінеді: тығыздығы аз келетін,
серпімділігі жоғары дән сұрыпталу кезінде каналдың бойымен жоғары
91
орналасып каналдың көтеріңкі бойымен сырғып, машинадан шығады
(жоғарғы сырғыма), ал тығыздығы жоғары және серпімділігі төмен ядро
тербеліс кезінде каналдың төмен қабатына орналасады, каналдың ылди
бетімен сыртқа жылжиды(төменгі сырғыма).
Ғылыми түсініктемелерге сілтеме жасасақ, жарма сұрыптаудың үш
болжауы аталады:
бірінші – қауыздалмаған дәннің серпімділігі жоғары болуына бай
-
ланысты үлкен күшпен қабырғаға соғылып келесі канал қабырғасының
шығыңқы жеріне түседі, сонымен бірге
қауыздалған дәнге ұқсас
қабырғадан кіші күшпен тойтарылып қабырғаның жоғарғы шығыңқы
жеріне түсе алмайды, тербеліс барысында біртіндеп төменге түседі;
екінші болжам – қауыздалмаған дәннің қабырғаға әсер ететін
үйкеліс қоэффициенті ядромен салыстырғанда төмен,осыған байланыс
ты қабырғамен түйіскенде біраз уақыт канал бетімен жоғары жылжиды.
Канал кері қозғалғанда дән қарамақарсы жоғары орналасқан шығыңқы
бетке түседі, ал қауыздалған дән қабырға бойымен жоғары көтеріледі
және канал кері қозғалыста қарсы қабырғада орналасқан шығыңқы бет
-
ке түсуі мүмкін;
үшінші – әр компоненттің физикамеханикалық қасиеттерінің
ерекшеліктеріне байланысты өзіндік сұрыпталуға негізделген. Падди
машинаның жұмыс каналдарының кері қозғалысында тербелмелі соғудың
әрекетінен сусымалы қоспада өзіндік сұрыпталу үдерісі орындалады:
өлшемдері аз, тығыздығы жоғары заттар ағымның төменгі бөліміне жыл
-
жиды, ал өлшемдері жоғары, тығыздығы төмен заттар массаның үстіне
қалқиды. Машинаның үздіксіз қозғалысында, массаның үстіне қалқитын
заттар (дән) канал қабырғасына соғылып, жоғарыға жылжып каналдан
сырғыма өнім ретінде машина каналымен сыртқа шығады. Осы жағдайда
төменде орналасқан заттар каналдан төменгі сырғыма ретінде машина
-
дан шығады. Сонымен, барлық жағдайларда өзіндік сұрыпталу үдерісі
негізгі шешуші болып табылады.
Қиын бөлінетін қоспаларды тиімді тазалау үшін екі рет сұрыптау
қажет: алғаш негізгі машинада, содан кейін екінші рет сұрыптап тексе
-
руден өткізу.
Бірінші сұрыптау машинаның жұмысын реттеу: жұмыс каналдарына
жүктемені беру және машинаның тербеліс жиілігін орнатуды машина
-
дан алынған қауыздалмаған дән құрамында ядроның мөлшері өте аз бо
-
луын қамтамасыз ету керек. Төменгі сырғыма, құрамында аздаған дәні
бар ядро, тексеруге беріледі. Тексеру машинасының жұмысын алынған
өнімде күріш дәннің мөлшері 2,0%дан аспайтын режимде ұстайды,
алынған өнімді ажарлау жүйесіне береді.
92
Өзіндік сұрыптауыш жарма
бөлгіш машинасының жұмысы
өнімдердің өзіндік сұрыпталуына негізделген. Машина құрылымы
бойынша қарапайым, жұмыс органы ылди орналасқан астаушалар (30
сурет). Астық қабылдау қорабына 1 түседі. Ашқыш көмегімен астық
1820 мм қалыңдықпен ылди орналасқан 3538
0
, жұмыс беті жарты
-
лай тығыз матамен 2 қапталған (ұзындығы шығырмен реттелетін), сым
темірден тоқылған елегі бар астаушаға 1 түседі. Ядро және дән өздеріне
лайықты үдемелі қозғалыспен жоғарыдан төмен астаушамен өздеріне
тиемелді физикалық қасиеттері бойынша жылжиды. Төмен жылжу
-
да қабат бойы нша астық өзіндік сұрыпталады, тығыздығы, натурасы
жоғары және өлшемдері аз болғандықтан төменгі қабатқа қауыздалған
дәнядро ұмтылады.
Достарыңызбен бөлісу: