Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 Ә. Ізтаев, К. Б. Байболов



Pdf көрінісі
бет52/161
Дата14.06.2022
өлшемі16,75 Mb.
#146530
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   161
Байланысты:
(K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы

Жарманы жылтырату.
Жылтырату – жарманың сыртқы түрін, 
тұтынушылығын жақсарту. Бұл операцияны күріш және ас бұршағы 
жармасын өндіруде қолданады.


104
Шынылы күрішті ажарлаудан кейін ядроның бетінде абразивті беттің 
әсер еткен әрекетінің ізі қалады; жарма кедір­бұдырлы және ұнды зат
-
тармен микро шытынаған аумақты жауып, шытынағаны көрінеді, яғни 
даяр өнімнің тауарлық түрі нашар жағдайда болады. Осы жағдайды 
желдетіп, елеп жақсарта алмайды. Осындай жармалардың тауарлық 
түрін жақсарту үшін жылтырату амалын қолданады. Мақсатты орын
-
дау үшін шынылы күрішті жылтыратқыш тас диірменде өңдейді, осы 
машиналар ажарлағыш тас диірмендерге ұқсас, бірақ олардың конусты 
барабанның қаптағыш бетіне дейін жететін жалпақ тілімді теріден не
-
месе матадан жасалған (ажарлағыш тасдиірменмен салыстырғанда жыл
-
тыр). Жылтыратқыш тас диірменнің тежеуіші болмайды, ал қаптамасы 
саңылауы 0,7 – 1 мм електен жасалған. Конусты барабанның үлкен 
негізі 8 м/с жылдамдықпен айналғанда жарма қаптамаға жабысып, жыл
-
тыр тері немесе матамен серіппе фигурасын сызып өңделеді. Осын
-
дай жұмсақ бетпен үйкеліп кедір бетті тегістейді, ядроның мөлдірлігі 
тұрақтанады.
Ядро алдын ала буланған болса, онда жылтырату өте тиімді өтер еді. 
Ядроны 0,05 МПа қысыммен булауда дәннің беті бірқалыпты жылы там
-
шы сумен жабылып, ядроның сыртқы микро қабатын жібітіп, өңдеуді 
жеңілдетеді.
Асбұршағын абразивті бетпен өңдеуде бетінде әрекет ізі қалады. Оны 
щеткелі немесе арнайы машиналарда жылтыратады. Мұндай машина бір­
біріне қарсы айналатын горизонталь орналасқан екі барабаннан тұрады. 
Ішкі жылдам айналатын барабанның ұзындығы бойы ылди орналасқан 
арықшалары болады, олар өнімді қабылдау орнынан сыртқа итермеле
-
уге жағдай жасайды. Қаңылтыр металдан жасалған жай айналатын ба
-
рабан барлық өнімді қозғалтады. Айналу және қозғалу нәтижесінде 
дән бір­бірімен және жұмыс бетінде үйкеліске ұшырайды, нәтижесінде 
дәннің бетіндегі кедір және сызаттар тегістеледі. Жылтырату үдерісін 
жеңілдету және тиімді өткізу мақсатымен алдын ала ас бұршағын бу
-
лап, тальк қосады.
Арпа және бидайдан ЗШН машинасында үш рет ажарлаудан 
кейін нөмірлі ажарланған жарма алудан кейін майда тасты абазивті 
дискілерде өңдеп жылтыраған жарма алады. Үш­төрт рет өңдеуден кейін 
жармашықтар дөңгелектеніп жылтыр түрге айналғаны анық көрінеді. 
Осы операцияны – жармашықтың бетін қосымша өңдеуді жылтырату 
деп атайды.
Кейбір елдерде, жылтыраған күріш пен ас бұршағын глазурьлейді. Бұл 
жармаға жылтылдауық түс береді. Ол үшін жай айналатын жалтыратқыш 


105
барабандар қолданады; жармаға жалтыр түр беру үшін жай айналатын 
барабанға майдаланған талька, мелласа және қант шырынын қосады. 
Нәтижесінде жармашықтар талька және сұйық затпен араласып жұқа 
қапталады, барабанда дөңгеленіп және ішкі үйкеліс әсерінен өнімнің беті 
жалтылдайды. Отандық жарма зауыттарында жармаларды жалтыратпай
-
ды, ағартпайды, боямайды және майламайды, себебі бұл операция лар 
қосымша шығын, өнімнің тағамдық құндылығын жақсартпайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет