Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 Ә. Ізтаев, К. Б. Байболов



Pdf көрінісі
бет55/161
Дата14.06.2022
өлшемі16,75 Mb.
#146530
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   161
Байланысты:
(K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы

Барабанды майдалағыштар.
Жүгері жапалақтарын алу үшін жүге­
рінің ірі жармасын қолданады, ал оны дәндіірі бөлшектерге бөліп, олар
-
дан ірі жармаларды және ұрықтық бүршікті бөліп алады. Ұрықтық 
бүршікті жеңіл алу үшін дәнді майдалау алдында булап ылғалдайды, со
-
дан кейін қорапта бөктіреді. Осы жағдайда қабығы мен эндосперм бай
-
ланысын бәсеңдетеді, жеңіл сынғыш келеді, ал ұрықтық бүршік иілгіш 
жағдайға келіп, майдаланған өнімді сұрыптауда ұрықтық бүршіктің 


108
жапалақтары жармадан өңай бөлінеді. Ылғалданған жүгеріні майдалау 
үшін дәнді кеспейтін ұрғыш машиналарды қолданады, ылғалды және 
иілгіш ұрықтық бүршік эндоспермнен қыртыстанып бөлінеді.
Барабанды ұнтақтағыштың жұмыс реті (37­сурет). Жүгері қабылдау 
орны 3 арқылы айналатын барабан мен 6 қаптағыш 2 арасындағы 
кеңістікке түседі, одан құйылған шошақ аралық бұранда жолымен 
шошақ жасалған 4,5 жұмыс зонасына түседі.
37-сурет
. Барабанды ұнтақтағыш (ұзындық қиындысы)
1 – білік; 2 – қозғалмайтын қаптама; 3 – қабылдау орны; 4, 5 – шошақтар; 
6 – барабан; 7, 8 – тиектер; 9 – қисық тістер; 10 – жіберетін ашпа
Ұнтақтау дәрежесін жазықтықпен айналатын барабанның орнын 
қозғап жұмыс зонасының арақашықтығын реттейді. Сыртқы барабанның 
төменгі бөлімінде диаметрі 5 мм саңылау орындалған, осы саңылау 
арқылы майдаланған бөлшектер еленеді.
Барабанды ұнтақтағыштың жұмыс тиімділігі: қабықтарды түсіру 
90%, өңделетін өнімнен 5,5­7% ұрықтық бүршік алынады, майлылығы 
28%. Кемшілігі 20%­дан астам 4­5% май және 6% клетчатка бар ұнтақ 
және майда жармашықтардың алынуы.
Ұнталған өнім жарма сұрыптауыш столда сұрыпталады, алынған 
әр фракция ақырғы сұрыптауышқа түседі және жарма тексеруден 
өтеді. Саңылауы № 056 металл сым електен өткендері жемді ұнтақты 
құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет