110
Күріш зауытында жарманы дамыған үдеріспен бақылауда рассев
-
те ірілігі бойынша екі фракцияға бөледі және ажарлауда пайда болған
ұнтақты бөледі.
Әр фракцияны жеке сұрыптап майдаланған ядроны алады. Бүтін
ядроны, триерден өтпегендері, жарма бөлгіштерде тексереді, екі рет
желдетеді, металл қалдықтардан тазалайды, содан кейін автоматты та
-
разыда өлшеп, қаптауға жібереді.
Ажарлаудан кейін пайда болған майдаланған жарманы майдаланған
жарманың майда фракциясымен бірге рассевте елейді, екі рет желдетеді,
металл қалдықтарды тазалайды, автоматты таразыда өлшеп қаптау
қорабына береді. Ірі майдаланған, сапа көрсеткіштері майдаланған жар
-
мадан жоғары, жарманы жеке қаптауға жібереді. Қазіргі кезде майдаланған
күрішті ірілігі бойынша фракцияламай тағамдық өнім ретінде кеңінен
қолдануда. Майдаланбаған сұлы жармасын, бүтін күріш жармасын тексе
-
ру нобайына сәйкес, тексеруді, рассевтегі електердің нөмірін ауыстырып,
осы нобаймен жүргізуге болады (майдаланған жарманы диаметрі 2 мм, ал
ұнтақты металл сым елек №063 електерде елейді). Кесек жарма мен жар
-
тылай жарма (продел) тексерудің нобайы 39суретте келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: