130
5.3 Қарақұмық жармасының технологиясы
Жарма дақылдары бойынша қарақұмық ерекше орын алады.
Тетраэдрға ұқсас ерекше формасы өзіне көңіл аудартады. Екіншіден,
қауыздауда алынатын қабығы, қауыз рөлін атқарады. Оның ядросы өте
осал келеді, сондықтан оны өңдеуде, бүтін ядроны көбірек алу үшін
үдерісті ұқыптылықпен жүргізу қажет.
Қазақстанда және ТМД елдерінде диплоидты және тетраплоидты
қарақұмықтар өседі, олардың 40қа жақын сұрыптары болады. Диплоид
-
ты қарақұмықтың қауызы 23%дан аспайды,
∅
4,2 електің сырғымасының
біркелкілігі 80%дан кем емес, жарма шығымы 70%дан көп, оның
құрамындағы ядро – 70%дан астам. Тетраплоидтың түрі ірі келеді,
қауызы 27% шамасында, біркелкілігі 20%дан кем емес, ядро шығымы
70%дан артық. Осы типтің технологиялық қасиеті жоғары болады.
Қарақұмықта белок мөлшері 14,5…17,2% аралығында. Анатомиялық
құрамы бойынша эндосперм 5765%, тұқымдық қабықтары – 1824%,
ұрықтық қабықтары – 1,52%, ұрығы – 1015%. Ұрығының формасы
күрделі эндоспрмді ирелеңдеп орналасқан, осының салдарынан ядро
қосымша босаңдайды. Дәннің ірілігіне және сұрыптың ерекшеліктеріне
байланысты қабығының қалыңдығы 0,15…0,20 мм.
Қарақұмықтан ядрица – бүтін ядро және продел – шағылған ядро
алады. Гидротермиялық өңдеусіз қарақұмық жармасының шығымы 18
кестеде келтірілген.
18-кесте
Қарақұмық
жармасының нормативті шығымы, %
Жармалар түрі
Дәннің дайындау варианты
ГТӨ
өңдеусіз
ГТӨ
Ядрица 1с, 2 с, 3 с
56,0
62,0
Продел
10,0
5,0
Барлығы:
66,0
67,0
Қарақұмықты ГТ өңдеу тиімді үдеріс. Бұл жағдайда эндосперм
қатаяды және жарманың тұтынушылық қасиеті жақсарады.
Қарақұмық дәнінің және оның сипаттамалық бөлшегінің химиялық
құрамы 19кестеде келтірілген.
131
19-кесте
Қарақұмық дәнінің және оның анатомиялық
бөлшегінің
химиялық құрамы
Объект
Белок,
%
Крахмал,
%
Клетчатка,
%
Майлар,
%
Күлділігі,
%
Дән
11,58,5
5070
1017
24
2,53,5
Ядро
13,520,3
6579
1,02,0
2,24,2
2,02,5
Ұрықтық
қабық
35
–
4268
0,51,5
7,510,0
Ұрық
4045
–
3,54,5
1022
3,55,0
Қарақұмық белогы сіңімді келеді, аминқышқылдарына бай, әсіресе
лизин ас бұршағындағыдай, валинсүттегідей.
Ядро мөлшері бойынша үш топқа бөлінеді:
жоғары – 77% көп, орташа – 76,9…74,0, төмен – 74%дан көп емес.
Қарақұмық зауытының дайындау бөлімінің технологиялық сұлбасы 48
суретте көрсетілген. Сұлбада қоспалардан тазалауға көп көңіл бөлінген,
әсіресе, ГТ өңдеуден кейін астық үшбұрышты
електері бар рассевте
үш рет елеуден өтеді. Қоспалардан тазалау үшін сеператор, рассев,
аспиратор, пневмосұрыптауыш стол және триер қолданған. Рассевте
қарақұмық ірілігі бойынша үш фракцияға бөлінеді; ірі фракция –
∅
6 мм
өтіп, 2,4х20 мм електің сырғымасы, орташа –
∅
4,2 мм електен өткені,
майда –
∅
4/2,2,х20 мм. Триерде қара бидай, сұлы, сондайақ басқа ұзын
қоспалар бөлінеді.
Гидротермиялық өңдеудің этаптары: булау, бөктіру, кептіру және суы
ту. Дән үздікті булағышта қысымы 0,25…0,30 МПа бумен 3…5 мин бойы
өңделеді; дәннің ылғалы 18…19%ға өседі; крахмал желімделу, ал белок
денатурациялану нәтижесінде ядро қатаяды. Дәннің ылғалы 18…19%ға
өсіп,
ядроның иімділігі артады, оны қауыздағанда көп майдаланбайды.
Булаудан кейін дәннің структурамеханикалық жағдайда қайта
құрылуын арттыру және технологиялық қасиетін жақсарту үшін жарты
сағат бойы қорапта ұстайды, кептіргіште кептіреді, содан кейін суыта
-
ды, желдетіп, таразыда өлшеп қауыздауға түседі; дәннің ылғалы 12,5…
13,5%ға төмендейді.
132
Қауыздау алдында қарақұмықты ірілігі бойынша 56 фракцияға
бөледі. Бұл операция өте қажет, себебі қарақұмық дәні ГТӨ өткенімен
ядросы осал келеді, қауыздауда механикалық әсердің салдарынан ядро
майдаланады. Вальцедекалы станокқа түсетін астық ірілігі бойынша
іріктелмеген жағдайда қауыздаудың тиімді режимін қоюға мүмкіндік
болмайды. Ірі дәнге қойылған режимде майда дән қауыздалмайды,
керісінше майда дәнге қойылған режим ірі дәнді майдалайды.
Фракцияланған партияларды қауыздау тиімділігі 20кестеде көр
сетілген.
Достарыңызбен бөлісу: