50-сурет
. Қарақұмықты қауыздау және жарма алудың
технологиялық сұлбасы
5.4 Сұлы жармасының технологиясы
Сұлы бидай, қара бидай, тритекале және арпа дақылдарына ұқсас
нығыз астық группасына жатады. Дәні жіңішке, ұрықтық қабығын түк
басқан мөлшері 1…2%; гүлді қауызы дәнді 2…3 қабат қамтыған, оның
үлесі 20…40%; эндосперм үлесі 59…63%. 1000 дәннің массасы 28…42 г,
ірілігі өскен сайын қауызы азаяды.
Сұлыдан ажарланған жоғары, 1ші және 2ші сұрып жармалар ала
-
ды, олардың жалпы шығымы 45,5%; жемді жарымшақ және ұнтақ –
15,5%.
136
Сұлы жармасы жоғары сіңімді өнім, одан жапалақ және толокно
(піскен сұлы ұны) алады.
Химиялық құрамы бойынша сұлыда майлар 6,5%, 10% шамасында
клетчатка, 3540% крахмал, белок – 10%.
Сұлы зауытының дайындау бөлімінде қоспалардан мұқият тазалайды,
ГТ өңдеу қолданады. Үдерістердің сұлбасы 51суретте көрсетілген.
Желдіелекті сеператорда және тас бөлгіште қоспалардан тазаланған
астық рассевте 2і фракцияға бөлініп, тиерлерде жеке тазалаудан өтіп,
ГТ өңдеуден өтеді: булаукептірусуыту. Ядроның қатаюымен бірге сұлы
дәніне тән ащы дәм жойылады.
Булау 0,050,10 МПа қысымда 35 минут аралығында өтеді. Аз уақыт
бөктіруден кейін 12,513,5%ға дейін кептіріп суытады. Автоматты та
-
разыда өлшеп қауыздау бөліміне түседі.
Қауыздау үшін түрлі қауыздағыштар қолданады: обойкалы ма
-
шина, қауыздағыш постав, кейінгі кезде центробежді қауыздағыш
кеңінен қолдануда. Қауыздағыш поставта өңдеу сұлбасы 52суретте
көрсетілген.
Сұлыны екі рет қауыздайды; қауыздалмаған дәнді 2 қ.ж. кейін падди
машинада бөліп, осы жүйеге қайтарады.
Қауыздағыш поставтан кейін центрбежді буратты екі фракцияға
бөледі; ф 2 мм електен өткендері шағылған ядроға жібереді, ал ұнтақты
екінші буратта бөледі; оларды аспиратордан өткізеді. Қауыздалған және
қауыздалмаған дәнді ф 2 мм електің сырғымасынан алады. Соңғысын
бөлу үшін аспиратордан өткізіп, паддимашинаға жібереді. Падди
машинада қауыздалған және қауыздалмаған дән жеке екі ағымға бөлінеді;
ажарлау жүйесіне аздаған қауыздалмаған дәні бар бүтін ядро түседі, ал
қауыздалмағандарын сырғыма жүйесіне қайтарады.
1ші және 2ші ажарлау жүйелерінің операциялары бірдей. Ажарлау
поставында дәннің бетіндегі түгі және түгел немесе жартылай тұқымдық
қабығы алынады. Содан кейін рассевте бүтін жарманы бөліп, екі рет
паддимашинада тексеріп, аспираторда желдетіп, қаптауға түседі. Падди
машиналардан бөлінген қауыздалмаған дән 2ші ажарлау жүйесіне
қайтып түседі.
Даяр өнімнің құрамында май 8…9% болады, яғни ұрығы және алей
-
ронды қабат ажарлауда толық алынбайды. Сондықтан жарманы сақтауда
үнемі тексеру қажет.
137
Достарыңызбен бөлісу: |