142
Дайындау бөлімінің технологиялық үдерісі перловка жармасын
алуға арналған үдеріспен бірдей, тек ГТ өңдеудің айырмашылығы бар.
Пенсакты ірі тістері бар вальцелі станокта майдалап, рассевте елейді.
Технологиялық сұлба 55суретте көрсетілген.
Үдеріс төрт бөлшектеу жүйелерінен тұрады, олардың технологиялық
сипаттамалары 23кестеде келтірілген.
23-кесте
Бөлшектеу жүйелерінің
технологиялық сипаттамалары
Параметрлері
Жүйелер
1
2
3
4
П,1/см
3,5
4,0
4,5
5,0
У, %
8
8
8
10
V
б
/
V
м
2,5
2,5
2,5
2,5
Орналасуы
өт/өт
өт/өт
өт/өт
өт/өт
Рассевтің жоғарғы топтасында орналасқан №8 металсым електер
-
ден өткен майда бөлшектер центробежді буратта қосымша еленеді. Осы
бураттың №056 елегінен өткендері ұнтақты құрайды.
Әр бөлшектеу жүйелерінің рассевтерінің жоғарғы сырғымаларынан
ұнтақты елеп алғаннан кейін келесі жүйеге түседі; 4 ж. жүйесінің осын
-
дай сырғымасы 3 ж. жүйесіне қайтарылады. Бірақ жүйелердің төменгі
сырғымаларын бір ағымға жинап, желдетуден кейін ЗШН машинасын
-
да ажарлап, рассевте ірілігі бойынша елеуден кейін нөмірлі жарма
-
ларды алады. №1 жарманы ф2,5 електен өткендері және ф2,0 електен
өтпегендері, №2 – ф2,0/ф1,5, ал №3 – ф1,5/056. Осы ағымдарда ұнтақ бо
-
лады, оны қосымша буратта елеп бөліп алады. Бөлшектеу жүйелерінің
рассевтеріндегі ф1,8 және ф1,5 електен өткендерін бір ағыммен 2
сұрыптау жүйесінің рассевінде қосымша елейді. Мұнда №063 және ф1,5
електерден өткендері майда бөлшектер; осыдан бөлінген сырғымаларды
1і сұрып жүйесінің осындай өнімдеріне қосады. Өткендері центробежді
буратта еленеді, №056 електен өткендері ұнтақ, ал сырғымаларды №3
жармаға қосады.
Даяр өнімдер қаптау алдында, ұнтақты бөліп алу үшін аспираторда
желдетеді.