144
57-сурет
. Бидай жармасының
технологиялық сұлбасы
Жылтырату үш жүйеде өтеді, өнімдерді рассевте сұрыптап төрт
нөмірлі Полтава жармасын және Артек алады. Жарма №1 – ф3,0 електің
сырғымасы, №3 – ф2,5/ф2,0 және №4 – ф2,0/ф1,5, Артек жармасы –
ф1,5/063.
Жармалардың шығымы: №1+№2=8,0%, №3+№4=43%, Артек – 12,0%,
барлығы – 63%.
5.8 Жүгері жармасының технологиясы
Жарма алу үшін кремнилі, жартылай тісті және толық тісті жүгері
қолданады. Жүгеріден бес нөмірлі және жапалақтарды өндіретін ірі,
сондайақ жүгері түтікшесі үшін майда жармалар алады.
Жүгеріден жарма алу үшін дайындау сұлбасы 58суретте көр
сетілген.
Жүгеріні екі рет сепараторда (1) және тас бөлгіште (2) қоспалардан та
-
залап, гидротермиялық өңдеуден өткізеді. ГТӨ екі вариантпен жүргізуге
145
болады: 1 – булау, бөктіру; 2 – ылғалдау және бөктіру. Жүгеріні үздіксіз
аппаратта (3) 0,10 МПа қысымымен 3…5 минут өңдейді. Екінші вари
-
ант бойынша жүгеріні температурасы 40
°
С сумен өңдеп, ылғалын 15…
16%ға жеткізеді.
ГТ өңдеудің негізгі мақсаты – ұрығын тиімді бөліп алу үшін дәннің
иілімділігін арттыру.
Достарыңызбен бөлісу: