Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 Ә. Ізтаев, К. Б. Байболов


-сурет . Сұлыны қауыздауда дайындау бөлімінің сұлбасы 52-сурет



Pdf көрінісі
бет67/161
Дата14.06.2022
өлшемі16,75 Mb.
#146530
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   161
Байланысты:
(K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы

51-сурет
. Сұлыны қауыздауда дайындау бөлімінің сұлбасы
52-сурет
. Сұлы зауытының технологиялық сұлбасы
1 – жылтыраған бүтін жарма, 2 – майдаланған жарма, 3 – ұнтақ


138
5.5 Перловка жармасының технологиясы
Перловка – арпаның ірі жармасы.
Арпа дәнінің гүлді қабығы дәнмен тығыз біткен; оны ажырату үшін 
механикалық әсерді қарқынды жүргізу қажет. Сонымен қатар алейрон
-
ды қабат дамыған, үш­бес қабаттан тұрады, оны өңдеп ажыратып алу 
қажет.
Перловка жармасы арнайы өңдеуден өткен дәннің эндоспермі; оны 
ажарлап жылтыратады. Құрғақ затқа есептегенде ядро мөлшері 63…68% 
(оның құрамында алейронды қабат 12…13%), гүлді қауызы 8…17%, 
тұқымдық және ұрықтық қабат 5…7%, ұрығы 2,5…3,0%.
Дәнде белок 12,0…14,4%, крахмал 51…64%, клетчатка 4,5…9,0%, 
күлділігі 2,5…3,5%.
Ірілігі бойынша перловка жармасы бес нөмірге бөлінеді:
осы нөмірлері бойынша жарма шығымы:
№1 және №2–36,0%; №3 және №4–8,0%; №5–10%, барлығы – 45,0%. 
Ұнтақ шығымы 40%.
Арпа зауытының дайындау бөлімінде қоспалардан тазартады және 
гүлді қауызын алады; қауыздалған өнімді пенсак деп атайды. Техно­
логиялық сұлба 53­суретте көрсетілген.
Желді­електі сепараторда және тас бөлгіште тазаланғаннан соң, 
қоспалардан тазарту үшін рассевте сұрыптап, екі фракцияға бөледі: 
әр фракцияны жеке сепараторда және триерде қоспалардан тазартады, 
гидротермиялық өңдеуден өтеді немесе қауыздау үшін обойкалы маши
-
нада өңделеді. Біздің жағдайда дәнді ГТ өңдеу көрсетілген.
Перловка жармасын өндіруде ГТ өңдеу өте қажет. Астықты 0,2 Мпа 
қысыммен 3 минут өңдеуде дәннің технологиялық және жарманың 
тұтынушылық қасиеттері елеулі өзгереді. ГТ өңдеудің пенсак және пер
-
ловка жармасының шығымына әсері 21­кестеде келтірілген.


139


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет