Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 Ә. Ізтаев, К. Б. Байболов



Pdf көрінісі
бет75/161
Дата14.06.2022
өлшемі16,75 Mb.
#146530
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   161
Байланысты:
(K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы

6-ТАРАУ
ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАРЫНДА 
ҰН ЖӘНЕ ЖАРМА
ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазіргі кезде, халық шоғырланған ауылдық жерде, қуаты шамалы ұн 
және жарма зауыттары салынуда. Бұл зауыттарда қайта өңдеу үдерісі 
қысқартылған нобайлар арқылы ұйымдасқан: жабдықтар тізімі және 
өңдеу жүйелері шектелген, бірақ олар технологияның соңғы ғылыми 
жетістіктерімен қамтамасыз етілген және жергілікті жағдайдың талап
-
тарына лайықты сапалы ұн, жарма өндіре алады. Бұл жабдықтарды іске 
қосу үшін жел, су күшін немесе электр қуатын пайдаланады.
Қысқартылған сұлба бойынша жарма дақылдарын өңдеуге болады.
Осындай сұлбамен қарақұмықтан жарма алу 65­суретте көр­
сетілген.
65-сурет.
Ауылда жарма өндірудің принципиалды 
технологиялық сұлбасы


155
Бұл жағдайда қоспалардан тазартып, қарақұмықты ірілігі бойын
-
ша бірнеше фракцияға (3­4 фракция) бөледі. Гидротермиялық өңдеуде 
булау және кептіру қолданылады немесе ылғалданған астықты шама
-
лы қуырумен ауыстыруға болады, тек оның тиімділігі төмендеу келеді. 
Қарақұмықты қауыздау, ядрицаны, шағылғанын (продел), ұнтақты және 
қауызды бөлу үшін әдеттегі амалдарды қолданады. Қауыздау үшін 
вальцедекалы станоктың орнына ажарлағыш поставты пайдаланады. 
Шығынды азайту үшін фракцияларды кезекпен өңдейді.
Тары жармасын әдеттегі әдіспен алады: дәнді қауыздайды, содан 
кейін желдету арқылы қауызын және ұнтақты бөледі, екі рет қауыздайды; 
әдетте үш рет қауыздаудан кейін 3% шамасында қауыздалмаған дән 
қалады.
Сұлы жармасын алуда гидротермиялық өңдеуді (булау, кептіру және 
суыту) қолданады. Қауыздауды поставта немесе ортаға айналдырғыш 
қауыздағышта жүргізеді, жарманы жүйелерде сұрыптайды. Қауызбен 
ұнтақты аспираторда бөледі.
Арпадан перловка жармасын алу үшін абразивті обойкалы маши
-
на қолданады. Ол үшін 4­5 рет обойкадан қауыздап ажарлайды. Осы
-
лай алынған пенсакты ЗШН­де қосымша өңдеп сапалы өнім алуға бо
-
лады. Егер обойкалы машинаның орнына ЗШН қолданса, онда үдерістің 
тиімділігі жоғарылайды.
Сонымен, ауыл шаруашылығындағы жарма өндіруде вальцедека
-
лы станок, ажарлағыш постав, рассевтер және перловка, сұлы жар
-
маларын ажарлап жылтыратуға ЗШН машиналарын қолданып жарма 
дақылдарынан қажетті жармаларды алуға болады.
Келтірілген сұлбалар соңғы вариант емес. Біз осыларды кәсіп­
керлерге жиынтық ретінде ұсынамыз. Жергілікті жағдайларға және 
тұтынушылардың талаптарына сәйкес даяр өнімдердің ассортиментіне 
және сапасына қойылатын талаптар бірдей болмайды. Сондықтан 
астықтың жергілікті немесе сырттан алынған сапасына байланысты 
ұн және жарма өндіруде ерекшеліктер болады немесе осы еңбектегі 
ұсыныстардан айырмашылығы болуы ықтимал. Бірақ технологиялық 
үдерістердің принциптері өзгермейді. Егер диірмен немесе крупорушка 
(жарма өндіру) егелері оларды ойдағыдай қажетті деңгейде игерсе, онда 
практикада үдерісті тиімді жүргізіп сапалы өнімдер алуға болады.
Сонымен, берілетін соңғы ұсыныс: шағын зауыттарды пайдалануда 
әрдайым нарықтық жағдайға байланысты ұн және жарма өндіруді тез 
арада реттеу керек – не даяр өнімдердің жалпы шығымын арттыру не
-
месе сапасын жақсарту және тұтынушылық қасиетін жақсарту. Барлық 
жағдайларда ең ұтымдысы – даяр өнімдердің сапасын жақсарту.


156


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет