151
Сұлы жармасының жоғарғы немесе 1ші сұрыпы паддимашинада
екі рет тексеріледі, себебі жапалақ алуда қауыздалмаған дәннің мөлшері
шектелген. Содан кейін жарманы желдетіп ылғалын 2…3%ға көтеру
үшін және жарманың иілгіштігін арттыру мақсатымен жарманы булайды.
Қорапта аз бөктіріп, валец беттері жылтыр валцелі станокта жапырады.
Валецтің жылдамдығы 2,0…2,5 м/с және жылдамдықтарының қатынасы
1,0. Жапалақтың қалыңдығы 0,5 мм көп болмауы қажет.
Жапалақтарды алу үшін сұлы жармасының жоғарғы немесе 1сұрыпын
паддимашинада екі рет тексеріп, ажарлап, №08 електе елеп ұнтақты
алады, ал сырғыманы – жарманы екі фракцияға бөледі (ірі жарма –
2,5х20/1,8х20, майда жарма – 1,8х20/08), оларды желдетеді, содан кейін
жеке ГТ
өңдеуден өткізіп, «Геркулес» алғандай жапалақтайды.
«Экстра» жапалағын алатын үдеріс күрделі болады. Астықты бірнеше
рет тазалаудан өткізіп, екі фракцияға бөледі, қарқынды ылғалдағышта
ылғалдап, аз уақыт бөктіріп, ортаға тепкіш қауыздағышта қауыздайды.
Қауыздаудан кейін желдетіп, түгін алу үшін ажарлайды, паддимашинада
сұрыптайды. Екі фракцияны қосып гидротермиялық өңдеуден өткізеді:
0,7 МПа қысымда 100
°
С жарманы қыздырып, ылғалын 3…4%ға өсіреді;
жарманы кептіреді. Кепкен ядроны ажарлайды, желдетеді, шағылғанын
бөлу үшін қарамықша бөлгіш триерден өткізеді. Осылай дайындалған
сұлы жармасын
жарма кескіште кеседі, 2,5х20 електен өтіп 08ден
өтпеген фракцияны қосымша желдетіп, қайталап 0,7 МПа қысымда
булайды. Жарманың ылғалы 18%ға, ал температурасы 80…100
°
С
жетеді. Мұндай жарманы жанышқанда жіңішке жапалақ шығады, оның
қалыңдығы 0,2 мм аспауы қажет. Жапалақты кептіреді, елеп, желдетіп,
пакеттерге салады.
Барлық жапалақтардың ылғалы 12%дан аспауы қажет. “Геркулес”
жармасын пісіру ұзақтығы 20 мин., жапырақты жапалақтарды – 10 мин.,
ал “Экстра” – 15тен 5 минут.
Достарыңызбен бөлісу: