128
Қауыздау валецтері резинамен қапталған станокта орындалады.
Өйткені күріш ядросы механикалық әсерге қарсылығы нашар; жұмсақ
әсер ету майдаланған ядро шығымын азайтады.
Қауыздалған өнімдерді ірілігі
бойынша сұрыптауды рассевте
жүргізеді. Қауыздалмаған дәнді 5,0 мм електен сырғыма түрінде
алып, қауызын бөліп алу үшін екі рет аспиратордан өткізіп, қауыздауға
арналған сырғыма жүйесіне жібереді. Ірілігі бойынша екінші фракция
-
ны, 5 мм өтіп 3,8 мм електен өтпегендер, екі рет аспиратордан өткізіп
қауызын бөледі, ал қауыздалған дәнді қауыздалмаған дәннен бөлу үшін
паддимашинаға жібереді. Осы машинадан алынған бірінші өнімді
ажарлауға, ал екіншісін сырғыма жүйесінде қауыздайды.
Рассевтің төменгі сырғымасы, бүтін және шағылған ядро, аспиратор
-
дан кейін ажарлаудан өтеді.
Саңылауы 1,5 мм електен өткендері ұнтақты құрайды. Сырғыма
жүйесінде қауыздалған өнімдерді сұрыптап, машинадан бөлінген
қауыздалмаған дән осы жүйеге қайтадан қауыздауға түседі. Сонымен,
қауыздау және жарма бөлу екі жүйелермен шектеледі.
Гүлді қауызынан арылған ядроны ажарлайды: алғаш А1БПМде со
-
дан кейін поставта. Қабықтарды (ұрықтық және тұқымдық) және алей
-
ронды қабатты алуда, ядро қосымша майдаланбау үшін механикалық
әрекетті жұмсақ жүргізеді, сондықтан ажарлауды созылған үштөрт
жүйелер орындайды (46сурет).
Әр ажарлау жүйесінен кейін ұнтақты, әсіресе қауызды бөлу үшін
аспиратордан өткізеді; 4і ажарлау жүйесінен кейін шағылған ядроны
және ұнтақты бөлу рассевте өтеді.
Жармадан майдаланған ядроны мұқият бөлу үшін рассевте елеп,
соңғы рет паддимашинада тексеруден өтіп, желдетіп қаптауға түседі.
Паддимашинасының жоғарғы сырғымасы 2і ажарлау жүйесіне неме
-
се сырғыма жүйесіне қайтарылады.
Өңдеуде ядро майдаланбауы қажет, себебі үдерістің тиімділігі төмен
дейді және оның бағасы арзан болғандықтан өндірістің кірісі азаяды.
Оның басты себебі – микрожарықшақтың ядроның бүтіндігін
әлсіретуі. Микрожарықшақтығының бүтін және шағылған ядроның
шығымына әсерін 47суреттен
көруге болады
Дәннің микрожарықшақтығы 10%дан 70%ға өскенде бүтін ядроның
шығымы 67%дан 30%ға дейін төмендейді.
Ядроны ажарлауда жарманың химиялық құрамы өзгереді: белок 1,0…
1,5% азаяды, май мөлшері – 1…1,5%, клетчатка – 1,5…2 есе, ал крахмал
2…4%ға өседі. Ұрықтық бүршік пен алейронды қабаттың бөлінуіне бай
-
ланысты витаминдер төмендейді: тиамин 2…3 есе, рибофлавин – 20…
30%, ниацин – 40…60%, токоферол 2…2,5 есе.