Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 Ә. Ізтаев, К. Б. Байболов


Тарыдан жарма өндіру технологиясы



Pdf көрінісі
бет61/161
Дата14.06.2022
өлшемі16,75 Mb.
#146530
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   161
Байланысты:
(K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы

5.1 Тарыдан жарма өндіру технологиясы
Тары қауызының түсі бойынша ақ, ақ сары түсті, қызыл сары, сұр 
түсті болады. Ақ және ақ сары түсті тарының формасы шар тәрізді, 
олардың гүлді қауызы қалың болмайды. Ірі дәннің ядросының массасы 
көп болуына байланысты жарма шығымы жоғары болады.
Тарыны қауыздап алба­жұлба жарма (пшено­ядролық) өндіріп, оны 
ажарлағыш машиналарда өңдеп, ажарланған тары жармасын алады.
Тарының қауызы 16…20%, ядросы 68­75%, ұрықтық және тұқымдық 
қабықтары 7…8%, ұрығы 3…4%. Тары мен жарманың химиялық құрамы
14­кестеде келтірілген. 
14-кесте
Тары мен жарманың химиялық құрамы
Объект
Ақуыз 
Крахмал Клетчатка Майлар
Күлділігі
Тары
10­12
55­65
8­11
2,5­45
3,0­4,5
Тары
жармасы:
­ дранец
11­13
65­75
1­2
3­4
1,5­2,5
­ ажарланған
12­14
70­80
0,5­0,8
1­2
1,0­1,5


122
Тары объектілерінің химиялық құрамының өзгеруі гүлді қауызын 
қауыздауда және ажарлауда қабықтарының, аздап алейронды қабаттың 
және ұрығының алынуына байланысты.
Тары зауытына түсетін астықтың сапасына қойылатын талаптар: 
ылғалы 13,5%­ға дейін, шөп­шалам – 3,0% (көп емес), басқа астық – 
6,0% (көп емес), ядро мөлшері 74% (кем емес). Тазалаудан кейін шөп­
шалам мөлшері 0,3% (көп емес).
Егер саңылауы 1,6х20 мм електен елегенде өтпей қалғаны 80% бол
-
са, онда ірі, егер 80%­дан 40%­ға дейін болса – орташа, ал 40%­дан азы 
майда тарыға жатады.
Ажарланған тары жармасының 4 сұрыпы тағайындалған: жоғары, 
1­і, 2­і және 3­і. Базисты тарыны өңдегенде жалпы жарма шығымы 
65%, жемді өнім (жарылғаны) – 4%, ұнтақ – 7,5%, қауыз – 15,5%; ажар
-
лау үшін ЗШН немесе У1­БПШ машиналарын қолданғанда бүтін ядро 
шығымы 60%­ға дейін төмендейді, жарылған ядро шығымы – 5,0%­ға 
дейін, ал ұнтақ 11,5%­ға дейін өседі.
Тары жармасы сұрыптарына қойылатын негізгі талаптар 15­кестеде 
көрсетілген.
15-кесте
Ажарланған тары жармасының сапа нормасы
Көрсеткіштері
Сұрыптары
жоғары 1­і
2­і
3­і
Ядро мөлшері, % кем емес
99,2
98,7
98,0
97,0
Оның құрамында шағылған ядро
% көп емес
0,5
1,0
1,5
3,0
Қауыздалмаған дән, % көп емес
0,3
0,4
0,6
1,0
Бұзылған ядро, % көп емес
0,2
0,5
0,8
1,3
Қоспалар, % көп емес
0,3
0,4
0,6
0,7
Тары зауыттарының дайындау бөлімінің технологиялық сұлбасы 
43­суретте көрсетілген.
Астықты қоспалардан тазарту үшін үш рет желді елек сепаратордан 
өтеді; ауыр заттар тас бөлгіште бөлінеді. Соңында астық қоспалардан 
рассевте тазаланып, екі фракцияға бөлінеді: ф 3,0 мм електен өтіп 


123
1,7х20 мм електен өтпегендері ірі фракцияны құрайды, ал одан өтіп 
1,5х20 мм алынған сырғымалар майда фракция болады. Осы фракция
-
лар қауыздауға жеке түседі. 
Гидротермиялық өңдеу қолданбайды, себебі массада қауыздалған дән 
едәуір болады, оларды өңдеуде ақауы бар тарының қаттылығы артып 
жармаға түседі, ал ол даяр өнімнің сапасын төмендетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет