42-сурет
. Қауыздың бақылау сызбасы
1 – аспиратор; 2 – ұн елейтін машина; 3 – автоматтандырылған
таразылар; 4 – білікті станок
Қауыз аспиратордың түсіргіш камерасына түседі, ядро бөлшектерінің
қалқу жылдамдығы қауыздан артық болуына байланысты ауа ағымымен
ұшып кетеді. Алынған қауызды, кейбір жағдайда ұнтақтап, ұнтақпен
және басқа компоненттермен араластырып жем ретінде пайдаланады.
Қауызды тексеру мақсатымен, аспирациялық жинағышпен байланысқан,
аспирациялық колонка қолданады. Аспирациялық жинағышта, қабықтар
түсу үшін ауа ағымы жылдамдығы 1,5 м/с аспауы қажет. Жинағыштағы
қауызды автоматты таразыда өлшейді, шлюзді жапқышы бар қорапқа
115
береді, одан кейін пневмотасымалдағыш арқылы брикеттеу цехына,
ошаққа немесе қауызды жіберетін қорапқа береді.
Саңылауы 2,5 мм електен өткен майда фракцияны жеке центрофугалға
береді, онда №1,2 електен ұнтақты елеп алады, ал сырғыманы
аспирациялық колонкада желдетіп қауызды майдаланған ядродан бөліп
алады. Ірі фракция ұяшықтары 4,55 мм триерге беріледі, онда тағы да
қауыздан ядроны бөліп алады, ал бұл аспирациялық машиналардың
жұмысын жеңілдетеді. Триерден алынған ядроны – майдаланған ядро
-
ны тексеру желісіне береді, қауызды аспирациялық колонкада желдетеді,
содан кейін өлшеп арнайы бөлінген қорапқа береді. Бөліп алынған дән
немесе ядро майдаланған жарманы қауыздау машиналарынан кейін
орналасқан жарма бөлгішке береді.
Триердің дискісінің айналу жылдамдығын минутына 3035 орнатып,
жүктемені екі жерден беріп – бірінші қабылдау қорапша арқылы, екінші
триердің ортасынан ядроны бөліп алудың тиімділігін көтеруге болады.
4.9 Жарма ассортименті және сапасы
Отандық жарма зауыттарында қайта өңделетін шикізаттың түрі және
қолданатын механикалық, гидротермиялық өңдеу амалдары көп болуы
-
на байланысты алынатын өнімнің ассортименті сан алуан.
Жарма зауыттарында жарма дақылдарын қайта өңдеп алынатын
өнімдер түрі 12кестеде келтірілген. Көрсетілген өнімдермен қатар
жасымық, қонақ дақылдарынан жарма өндіреді.
12-кесте
Қайта өңделетін шикізаттар және алынатын өнімдер
Дақыл
Өнім
Күріш дәні
Ажарланған күріш, жылтыраған күріш, майдаланған
күріш, күріш жапалағы, күріш бадырағы, балғындар
күріш ұны
Қарақұмық
Ядрица, продел, тез пісетін ядрица, тез пісетін про
-
дел, балғындар қарақұмық ұны
Тары
Ажарланған тары
Сұлы
Майдаланбаған сұлы жармасы, жапырылған
сұлы жармасы, Геркулес жапалағы, жапырақша
жапалақ, толокно
Арпа
Перловка, ячнелі, жапырылған арпа жапалағы
116
Бидай
Полтава, Артек, манна, бидай жапалағы
Жүгері
Ажарланған жүгері жармасы (жапалақ алуға
арналған ірі жарма және қытырлақ түтікше алуға
арналған майда жарма), майдаланған жүгері жарма
-
сы, жүгері жапалағы, жарылған жапалақ, жүгері ұны
Асбұршақ
Бүтін қауыздалған ас бұршағы, қауыздалған жарыл
ған ас бұршағы, майдаланған ас бұршақ жармасы
Қоспалармен
байытылған түрлі
дақылдардың
жармасы
Тағамдық құндылығы жоғары жарма, пісіруді қажет
етпейтін жарма
Жарма өнімдерін алудың амалдарына байланысты бес топқа бөледі.
1. Майдаланбаған бүтін жармалар – қауыздаудан кейін өңдеп қосымша
өңдеп (ядрицадан басқасын) күріш (ажарланған, жылтыраған), тары,
ядрица, сұлы, ас бұршағы бүтін жармасын алу.
2. Ажарлап майдаланған жармалар – қабығын, ұрықтық бүршікті
алғаннан кейін ажарлап, жылтыратып (дөңгелектеу) бес нөмірлі жар
-
ма алу үшін сұрыптап перловка, Полтавская, Артек, ажарланған жүгері
жармаларын алу.
3. Майдаланған жармалар – қабықтарынан ажыратылған ядроны
майдалау, үш нөмірлі (2,5тен 0,56 аралығында) жарма алу мақсатымен
сұрыптап ячнелі, сұлы жүгері майдаланған жармалары.
4. Жапалақтар – жармалары одан әрі өңдеу өнімдері. Жапалақтарды
шикі жармалардан өндіреді, олар аз уақытта піседі және пісірілген жар
-
малардан тұтынуға даяр жапалақтарды алады. Ядродан жарылған, ауа
-
да жарылған өнімдерді алады.
5. Тағамдық құндылығы жоғары жармалар. Оларды ұнтақталған екі
үш жармалар қоспасына жануарлар байытқыштарын (майсызданған
құрғақ сүт, құрғақ жұмыртқа ақуызы) немесе өсімдік текті қоспаларды
араластырып алады.
Жармалардың сұрпы және сапасы әр өнімге арналған мемлекеттік
стандартқа сәйкес болуы қажет.
Өнімдердің сапасын әр екі сағатта алынатын және орта сменалық сы
-
намаларды сұрыптау арқылы анықтап зауыттың жұмысын бақылайды.
Жалпы сұрыптауда сапалы жарманы, ылғалын, иісін, түсі мен дәмін,
жарманың біркелкілігін, зиянды және металл заттардың барлығын,
зиянды жәндіктердің болуын, сыртқы пішіні (шынылығы, формасы
және бет жағдайы), күлділігі (жүгері, манна жармасында және сұлы
жапалақтарында), қышқылдығы, ұрықтық бүршіктің мөлшері (жүгері
жармасында).
117
Ядроның сапалылығы жарманың тазалығын және ондағы ең төменгі
қоспалар, қауыздалмаған және бұзылған дән мөлшерін көрсетеді. Ядро
сапалылығына байланысты жарманы жоғары, бірінші және екінші
сұрыпқа бөледі (13кесте).
Ылғалы бойынша жарманың стандартқа сәйкестігін және сақталу
ұзақтығын анықтауға болады. Жарманың түрі бойынша ылғалдық нор
-
масын тағайындайды – 12,5% сұлы жармасы, 15,5%ға дейін күріш
үшін. Күнделікті тұтынатын жармалардың ылғалы 1 – 1,5% артық бо
-
луына рұқсат. Құрғақ жарма ұзақ сақталады және пісіру кезінде көлемі
көбірек өседі.
Иісі, түсі және дәмі – органолептикалық көрсеткіштері жарманың
балаусалығын көрсетеді. Сапалы жарма ішкі дүние құрылымды
тітіркендірмейді, жақсы сіңеді. Түсінің, исінің және дәмінің өзгеруі
жарманың бұзылғанын көрсетеді. Жарма дәмі әр жармаға тән, басқа дәм
(қышқыл, ащщы) болмауы қажет.
Өнімнің балаусалығы майының қышқыл санымен сипатталады.
Жарманың түсі қайта өңделетін дақылдың табиғи ерекшелігіне
және өңдеу деңгейіне байланысты. Сондықтан мемлекеттік стандарт
-
та дақылдың ерекшелігіне байланысты әр жарма үшін өнімнің түсі
тағайындалған.
Формасы, бет жағдайы және өлшемдері жарма түрін және өңдеу
деңгейін анықтауға мүмкіндік береді (ажарланған немесе жылтыраған
күріш, Артек немесе манна бидай жармасы, арпа – перловка немесе
ячнелі).
Жарманың шынылығы және органолептикалық көрсеткіштері
жар маның тұтынушылық қасиетінің жанама көрсеткіші (пісу жыл
дамдығы, ботқаның консистенциясы, оның түсі, ботқаның өсімі).
Органолептикалық көрсеткіш таласты сипаттама, сондықтан объективті
анықтау әдісін енгізген жөн: ажарлау немесе жылтырату деңгейін және
өнімдегі ұрықтық бүршікті дәнді анықтау және жармашықтардың, дәннің
бетін өңдеу деңгейін анықтау және микроскоптық сұрыптауды қолдану;
жармалардың күлділігін анықтау.
Жармалардың біркелкілігі жақсы тауарлық түрін сипаттайды, соны
-
мен қатар қоспалардан құралған, өлшемдері бойынша бірлікке келме
-
ген, жармалармен салыстырғанда тұтынушылық қасиеті айтарлықтай
жоғары. Жарманың нөмірі осы топтағы жармалардың ірілігін сипат
-
тайды.
Барлық жарма түрлерінде металл қоспалардың мөлшері 1 кг өнімде
3 мг аспауы қажет. Кейбір металл заттың бір данасы 0,3 мм, ал руда
бөлшегі 0,4 мг аспауы қажет.
Астық қорының зиянды жәндіктер мен зараздануы рұқсат етіл мейді.
118
Достарыңызбен бөлісу: |