113
Ірі өнімдерді майдаланған ядроны тексеру желісіне, ал ұнтақты қаптау
қорабына.
41-сурет
.
Ұнтақты тексеру нобайы
1 – рассев; 2 – аспиратор; 3 – автоматты таразы
Жарма зауыттарында барлық алынатын ұнтақ мөлшері қомақты:
күрішті қайта өңдеуде 13%, қарақұмықты 3 – 6, тарыны – 9 –10, сұлыны
және ас бұршағын – 11, арпаны – 19% (майда арпа жармасын өндіруде)
және 40% ірі шығымы 40% жарма өндіруде. Тарыны, сұлыны және ас
бұршағын өндіруде алынатын жарымшақтар – сечка жемдік өнімдерге
жатады, кейбір жағдайда ұнтаққа жібереді.
Қауыз – қауыздау үдерісінде және ұнтақтан тұратын дәннің сыртқы
қабығы (көпшілік жарма дақылдарының гүлді қабығы, қарақұмықтың
тұқымдық және ас бұршақтың тұқымдық қабықтары).
Қауыздау өнімдерін желдеткенде желдеткіш машиналарының жұмыс
режимдері бұзылғанда ұнтақ және бүтін ядро қауызға түсуі мүмкін.
Қауыз құрамында аталған өнімдер мөлшері 1,5% артық болмауы үшін
қауызды тексеруден өткізеді. Қауызды желмен жеңіл бөлуге болады;
желдің жылдамдығы өзгерген жағдайда майдаланған ядро қауыздың
жапалағымен ауа ағымымен бірге ұшып кетеді. Қауызды көпшілік
жағдайда отын ретінде қолданады, гидролиз нәтижесінде жемді ашытқы
алады. Оны химиялық өнімдерді алуда, пластмасса, құрылыс тақтайын,
нығыздалған плита алуда қолданады. Кондициясы базисты күрішті қайта
өңдеуде қауыз шығымы 19%, тарыны 15, қарақұмықты 20, сұлыны 26,
арпаны 10 және ас бұршағын 6%.
Қауыздың көлемдік массасы көп емес, оның түріне қарай 130дан
180 кг/м
3
. Бір тонна шашыранды қауыздың алатын орны 67 м
3
.
114
Қауызда ядроның бөлшектері тағайындалған нормативті мөлшерден
(оның массасынан 1,01,5%) артық болмау үшін қауызды тексеруден
өткізеді. Тексеру құрамынан ұнтақты және ядроны бөлумен тоқталады.
Центрофугада қалақтардың әрекетімен өнімді қабылдау орнынан
шығарға айдау кезінде ұнтақ електен өтеді. Аспираторда екіүш рет
бірізділікпен желдету арқылы қауызды тексереді (42сурет).
Достарыңызбен бөлісу: