Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 Ә. Ізтаев, К. Б. Байболов



Pdf көрінісі
бет53/161
Дата14.06.2022
өлшемі16,75 Mb.
#146530
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   161
Байланысты:
(K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы

4.6 Ядроны кесу немесе ұнтақтау
Жарманың көп түрін (күріш, тары, арпа жармалары, сұлы, ас 
бұршағы) өндіруде негізгі материал өте жақсы өңделген ядро, сондықтан 
технологияның барлық үдерісінде оны майдалаудан сақтайды.
Технологияда қауыздалған, ажарланған, кейде жылтыратылған (би
-
дай, арпа, жүгері) ядроны, сонымен қатар тағамдық құндылығы жоғары 
майдаланған ядроны (арпа, жүгері) кеседі немесе ұнтақтайды.
Кесу және майдалау қосарланған операция, негізгі мақсаты – ядро
-
ны жармашықтарға майдалау. Алынатын жармашықтардың мақсатына 
байланысты жармашықтардың өлшемдері 0,9 дан 5 мм­ге дейін. Май
-
далау барысында ядро ұнтақталмауы керек. Нөмірлі жарма алу үдерісі 
келесі операциялардан тұрады: ұнтақтауға дейін ірілігі бойынша фрак
-
циялау, кесу немесе майдалау.
Ірілігі бойынша сұрыптау ұнтақтау үдерісін тиімді жүргізуге ыңғайлы 
жағдайларды жасайды. Өнімді ірілігі бойынша фракциялап, әр фрак
-
ция үшін жеке ұнтақтау режимдерін таңдап, ұнтақтау технологиялық 
тиімділігін арттырады. Ірі және майда ядроны бірге ұнтақтауда ірі ядро 
жапырылады немесе майда ядро жартылай тілінеді (вальцелі станокта 
ұнтақтағанда).
Арпа және бидай ядросын қалыңдығы бойынша саңылауы ұзынша 
електерде сұрыптайды. Зауыттың қуатына байланысты ядроны 
қалыңдығы бойынша екі­үш фракцияға бөледі. Сұрыпталған ядроның 
әр фракциясын жеке магниттен өткізіп ұнтақтағыштар алдындағы 
қораптарға береді.
Ядроны кесу немесе майдалау кезінде машинаның жұмыс органдары 
бөлшектердің молекулярлық байланысын талқандайды, әсер ететін күш 
әр өнімнің механикалық ерекшелігіне байланысты, сондықтан ұнтақтау 
режимдері заттың құрылым­механикалық ерекшеліктеріне және алына
-
тын өнімдерге қойылған талаптарына сәйкес жеке таңдалады.


106
Алынатын өнімдерге қойылатын талаптарға (жарманың ірілігі және 
сипаттамасы) байланысты ұнтақтаудың екі амалын таңдайды:
­ майдаланған жарма өндіруде, жарманы бөлшектерге майдалағанда, 
ірілігі бойынша фракциялау – желдету, осыдан кейін даяр өнім алу – үш 
нөмірлі майдаланған даяр жарма (арпа, жүгері);
­ ажарланған жарма алуда (арпа, бидай, жүгері) ірі бөлшектерге май
-
далайды, алынған өнімдерге дөңгелек форма беріп ірі арпа жармасын
Полтава жармасын және ажарланған жүгері жармаларын алғанша ажар
-
лайды және жылтыратады.
Ядроны майдалау амалдарын және өңдеу режимдерін таңдауда 
әр дақылдың қаттылығын және мықтылығын ескеру қажет. Дәннің 
физика­механикалық қасиеттері, осының салдарынан ылғалы, типі және 
сұрыпы ескерілуі қажет. Ядроның мықтылығына гидротермиялық өңдеу 
режимдері елеулі ықпалын тигізеді.
Ядроны майда бөлшектерге майдалауда, дақылдың түрін ескермей, 
келесілер байым болуы керек: қиыршықтардың ұштары өткір немесе 
арықшалары ашылған және жыртылған бөлшектердің болмауы; өңдеу 
кезінде болатын жанама өнімдердің – ұнтақ, өте майда түйіршіктердің 
мейлінше аз шығымы; сырғыма өнімдер (бүтін майдаланбаған ядро) 
шығымы да аз болуы.
Жарма өндірістерінде ядроны майдалау үшін вальцелі станоктар және 
ұрып майдалағыштар қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет