Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 Ә. Ізтаев, К. Б. Байболов



Pdf көрінісі
бет49/161
Дата14.06.2022
өлшемі16,75 Mb.
#146530
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   161
Байланысты:
(K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы

33-сурет
. А1­БШМ қауыздау машинасы
1 – қоректендіргіш; 2 – жұмыс зонасы; 3 – металды барабан
4 – абразивті барабан; 5 – электр жетегі.
Барабан корундты сақиналардан жиналған және металл барабанмен 
3 сыртынан қамтылған ол алынатын екі жарты цилиндрден тұрады: 
төменгі електі (ұнтақ өту үшін) және жоғарғы бүтін цилиндр. Жоғарғы 
екі жартылай цилиндрде, ядроны өңдеу экспозициясын ауыстыратын, 
екі қатар айдағыштар орналасқан. Айдағыштар ылдилығын цилиндр 
негізіне өзгертіп (0­ден 90
0
­қа дейін), барабан бойы өнімнің жылжу 
жылдамдығын реттейді. Әдетте барабан құраушымен айдағыштардың 
арасындағы бұрыш 40­45
0
құрайды, бірақ ядроның сапасына байла
-
нысты бұл бұрыш үлкен немесе кіші болуы мүмкін. Құраушы және 
айдағыштар арасындағы бұрыш үлкен болған сайын өңдеу экспозициясы 
артады, яғни өңдеу қарқынды өтеді. Өңдеу ұзақтығы өнімді машинадан 
шығаратын қондырғының қысылысы және жұмыс зонасында сүйегіш 


100
күшін реттеуге арналған ашып­жапқыштың қысылыс күшіне байланыс­
ты. Сүйегіш күші көп болса соншалықты өңдеу қарқынды.
Бүтін, мықты ядроны, майдаланған дәнге қарағанда және формасы 
жақын өнімдерді ажарлауда ядро формасы, кейбір ауытқуды ескермеген
-
де, сақталады. Бірақ ұзақ ажарлауда ядроның дөңгелектенуі байқалады 
және ұнтақ шығымы артады.
Бүтін ядроны ажарлаумен қатар, технологияда шарасыз алынатын, 
майдаланған бидай, арпа ірі (перловка) және майда (ячнелі) өнімдерді 
ажарлап, осы жармалардан ажарланған өнімдерді алады. Үдеріс бары
-
сында бөлшектердің бетін өңдеп қоймай оларды дөңгелектенген неме
-
се сопақтау формасын беру қарастырады. Дөңгелектенген форма беру
-
де сырт қыры жоғары күштеме алады. Шынында, егер екі қиыршыққа 
бірдей күш Р (34­сурет) әсер етіп оларды металл қаптамаға қысады, сонда 
меншікті жүктеме ρ = Р/ϯ көп болып аз ауданға ϯ әсер етеді. Нәтижесінде 
қырлы бөлшектер ядродан бөлініп шығады, олар дөңгелектенеді және 
ажарланады. Бөлшек шар формасын алғанша ажарлану үдерісі жүреді. 
Ажарлауға кететін энергия шығынын азайту үшін ажарланатын зат 
сопақша және арықшасы бойынша жайылған болмауы қажет. Осы 
жағдайда ұнтақ шығымы шамалы болады.
Жақсы ажарланған арпаның ірі жармасы ақ түсті шар формалы неме
-
се сопақтау келеді, бидайдың Полтва жармасы да осындай формалы, ақ 
сары түсті, арықшаның орнына күңгірт сызықша қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет