Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 Ә. Ізтаев, К. Б. Байболов


Ядроны ажарлау және жарманы жылтырату



Pdf көрінісі
бет47/161
Дата14.06.2022
өлшемі16,75 Mb.
#146530
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   161
Байланысты:
(K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы

4.5 Ядроны ажарлау және жарманы жылтырату
Ядроны ажарлау
. Жарманың жоғары сіңірілуі, тұтынушылық 
қасиетінің және тауарлық түрінің жақсаруын ажарлау үдерісі қамтамасыз 
етеді. Күріш, сұлы және басқа дақылдарды қауыздаудан кейін ядроның 
бетінде, адам организмі сіңірмейтін, негізінен клетчаткадан тұратын 
тұқымдық және ұрықтық қабықтары қалады. Ядродан қабықтарды және 
келесі, шұбарланған түс беретін, алейронды қабатты алып, ядроға эндо
-
сперм түсі беріледі және тауарлық түрі жақсарады. Ажарлау үдерісінде 
ядродан ұрықтық бүршік түгелдей немесе жартылай бүршік алынады, 


96
нәтижесінде жармада май мөлшері азаяды, сақталу мерзімі ұзарады, 
май ұзақ уақыт бұзылмайды. Ұрықтық, тұқымдық және алейрондық 
қабаттардың алынуы пісіру кезінде ылғал эндоспермге жеңіл сіңіп, 
жарманың аспаздық қасиетін жақсартады: пісіру ұзақтығы қысқарады, 
суды сіңірімділігі, пісуде көлемдік және салмақтың өсуі, пісірілген 
ботқаның консистенциясы және түсі жақсарады.
Жарма технологиясында ядроны ажарлаудың екі операциясы 
қолданады: бүтін ядроны (күріш, сұлы, тары) ажарлау; майдаланған 
ядроны (арпа, бидай, жүгері жармаларынан нөмірлі ажарланған жарма 
алуда) ажарлау және дөңгелектеу.
Барлық жылтыратқыш машиналардың жұмыс органдары дәнге 
көптеген механикалық әсерінен ядро абразивтік және металл бетке, 
сондай­ақ дәннің бір­біріне ішкі үйкеліс әрекеттері негізіне бейімделген. 
Абразивтік және айналатын металл бетті жұмыс органдардың дәнге 
тұрпайы әсер етеді. Ажарлағыш машиналардың әр ажарлағыш органдары 
(шығыңқы жері, қыры) және қаптаманың үшкір жері дәнге динамикалық 
қарқынды әрекетінен қабықтар ядродан ажырайды. Қабықтары, әсіресе 
алейронды қабат ядромен мықты байланысқандықтан оны ажыра
-
ту үшін жұмыс органы едәуір әрекет ететіндіктен жоғарғы қабат пен 
төмен орналасқан қабат арасындағы микро байланыс байланыс едәуір 
бұзылады, нәтижесінде жұмыс беті істен шығады, оны жөндеуді қажет 
етеді.
Ажарлау үдерісіне әрекет ету күшіне, жұмыс органының жылдамдығы, 
өнімді сығу күші, үйкеліс күші, жұмыс бетінің кедір­бұдыры әсерін 
тигізеді. Машинаның құрылымы және формасы елеулі ықпалын тигізеді. 
Үдеріске абразивті беттің құрылымы да әсерін тигізеді: абразив ірі бол
-
са, әсер ету қарқынды өтеді. Сонымен қатар қайта өңделетін ядроның 
құрылымы, жағдайы, ылғалы және температурасы елеулі ықпалын 
тигізеді. Ядро бетін 1­2% ылғалдап, жалпы ылғалы 15%­дан аспаса және 
температурасы 50­60

С аралығында ажарлау жеңіл өтеді. Химиялық 
әдіспен ажарлау белгілі, бірақ бұл әдіс күрделі болуына байланысты 
практикада кең таралмаған.
Ажарлау үдерісіне қойылатын негізгі талап – ядроны майдаламау.
Ажарлау үдерісін тиімді жүргізу үшін: абразивті барабанның айналу 
жылдамдығын реттеу; жұмыс зонасында күш қысымын таңдау; жұмыс 
әрекет ету ұзақтығын таңдау. Өңдеуді бірнеше рет жүргізуге байланысты 
жұмыс режимін таңдауда қайта өңделетін заттың ерекшелігін, сапасын 
және қолданатын жабдықтың ерекшелігін ескереді, осы жағдайда бірінші 


97
жүйеде абразивті ірі тастардан жасалған жабдықты қолданады, ал келесі 
жүйелерде – майда тасты беті бар машинаны қолдану тиімдірек. Күріш 
ядросын өңдеуде және қабығы түсті сұрып үшін үш­төрт жүйелерде 
кезегімен ажарлайды, ал сұлы ядросын бір немесе екі рет өңдейді.
Бүтін күріш және сұлы ядросын екі конусты бет аралығында ажар
-
лайтын ажарлағыш тас диірмен қолданады (32­сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет