Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 Ә. Ізтаев, К. Б. Байболов



Pdf көрінісі
бет48/161
Дата14.06.2022
өлшемі16,75 Mb.
#146530
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   161
Байланысты:
(K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы

3
2-сурет.
Қауыздау диірмен тасының жұмыс органдары
1 – шойын барабан; 2 – жұмыс зонасы; 3 – резинкалы колодка; 
4 – жарманы жинау үшін қырғыш; 5 – саңылау; 6 – сақиналы желоб
7 – ұншықты жинау үшін қырғыш; 8 – қозғалмайтын шынтемір
Ядро конусты барабанның айналатын жоғарғы табанына түседі. 
Ортаға тепкіш күштің әсерінен ядро абразивті барабанмен шынтемір 
ортасындағы жұмыс зонасына түседі, онда абразивті конусты бет
-
пен перфораторланған қозғалмайтын металл беттің ортасында үйкеліс 
әсерінен ажарлаудан өтеді. Конусты беттердің арақашықтығын реттеу 
арқылы жұмыс органдардың ажарлау қарқынын реттейді. Ол үшін ба
-
рабан орналасқан тік білікті төмен немесе жоғары қозғайды. Одан басқа 
абразивті барабаннан иілімді резинадан жасалған бұғауын жақындатады 
немесе алыстатады. Барабан мен обечайка ортасында пайда болатын, 
өніммен толатын, қиындысы сақиналы жұмыс зонасы, өнім шығуға 


98
жылжығанда ол кішірейеді, себебі өнім түскеннен бастап, шығарға 
дейінгі аумақта ауданы 25­30%­ға артады. Сондықтан шығардағы 
сақинаға дейін өнімнің бөлшектері нығыздалып, ядро аралық кеңістік 
азаяды және ішкі үйкеліс (дән мен дән үйкелісі) әрекеті артады. Әдетте, 
обечайка мен абразивті барабан аралығы 15 мм.
Ажарлағыш тас диірменнің тежегіші ішкі қаптағыштың бетінен 
шықпайтын жағдайда ұстап, өніммен толық толтырмағанда, өнім 
шиыршықты жол жасап қаптама мен абразивті барабан арасында 
өңделеді. Егер өңдеудің қарқындылығын арттыру қажет болса, онда ре
-
зиналы тежегішті қозғайды (абразивті барабан мен тежегіш аралығын 
3 мм шамасына қозғайды). Конусты бірнеше секцияға бөлуге болады. 
Егер диаметральді қарама­қарсы орналасқан екі тежегішті жылжыт
-
са, онда екі жарты сақина пайда болады. Тежегіштерді осылай қозғау 
арқылы секция санын беске жеткізуге болады, сонда ең кіші секцияның 
иілімінің ұзындығы 600 мм құрайды. Шығарылған резиналы тежегіштер 
ядроның жоғары жылдамдық алуына кедергі келтіреді және жұмыс зо
-
насында топталады, осының әсерінен өнім жұмыс зонасында тұрып 
қалады, әр секцияда жинақталады, нәтижесінде дәнаралық қысым ар
-
тады, ядроның абразивті барабанға және қаптағышқа әсері өсіп ішкі 
үйкеліс қарқынды өтеді.
Электр қозғалтқыш қоректендіргішті электр ток күшін өлшегіш 
амперметрді қосады, осы арқылы ток күшінің өзгерісі бойынша әр 
машинаның жұмысын бақылайды, қажет болған жағдайда жүктемені 
реттейді.
Конусты барабанның оның үлкен диаметрі бойынша айна
-
лу жылдамдығын 10 м/с алады. Барабан мен қаптаманың аралығын 
өзгертпей, ал ол жұмыс зонасы көлемі өзгермейтіндігін білдіреді, 
жылдамдығын ұлғайту машинаның қуатын төмендетеді. Бұл жағдайға 
түсінік: тік жазықтықтағы өнімге әсер етуші күш айналу жылдамдығын 
өсіруге байланысты, жұмыс зонасында кіші қадаммен спираль бойын
-
ша төмен қозғалады, осының нәтижесінде жұмыс зонасында едәуір өнім 
тежеледі, яғни машинаның қуаты төмендейді.
Өнімді өңдеу ұзақтығын арттыру әсерінен ядро қарқынды өңделеді, 
бірақ нәтижесінде, жылдамдығын өсірмеген режиммен өңдеумен 
салыстырғанда, майдаланған ядро және ұнтақ шығымы едәуір артады.
Күріш жармасын ажарлау үшін А1­БШМ қолданады. Бұл машина
-
да ядро көлденең орналасқан айналатын ажарлағыш барабан мен оны 
қаушып орналасқан айналмайтын металл қаптағыштан тұратын жұмыс 
зонасында өңделеді (33­сурет).


99


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет