93
Ағымның жоғарғы қабатында тығыздығы, натурасы және өлшемі
үлкен қауыздалмаған дән шоғырланады. Өнім, електі толық жабатын,
мата бетімен (өзіндік сұрыпталатын зона) електің ашық бетіне 3 түседі
(елеу зонасы) елекпен түйісетін зонада басым көпшілігі қауыздалған
дәнге келеді, олар еленеді, ал бет қабаттағы қауыздалмаған дән еленбей
сырғып машинадан түседі. Алынатын екі өнімнің сапа көрсеткіштері
бойынша ерекшеліктері болады: өткен өнім (байытылған) аздаған
қауыздалған дәні бар, негізінен ядродан тұрады, ал сырғыманың басым
көпшілігі қауыздалмаған дән.
Өзіндік сұрыпталу зонасын өзгертіп сырғыма және електен өте
тін өнімдердің құрамын өзгертуге болады. Електен өткен өнімде
қауыздалмаған дәннің мөлшерін азайту үшін өзіндік сұрыпталу зо
-
насын ұзартады, ал сырғыма өнімде ядроны азайтуда, керісінше, зо
-
наны қысқартады. Бірінші жағдайда бос електің қысқа кесіндісінде
қауыздалмаған дән аз төменгі қабат еленеді. Екінші жағдайда керісінше,
басым көпшілігі қауыздалмаған дәнді құрайтын, жоғарғы қабаттағы
өнім еленбейді, ал негізінен ядродан тұратын төменгі қабат толық
еленіп, електен өтеді. Өнімдердің физикамеханикалық қасиеттеріне
және жүктемеге байланысты електің орналасу ылдилығын реттейді.
Сұрыпталатын дәннің ірілігіне байланысты металл сымды електің
саңылауын таңдап жарма бөлгіштің тиімділігін реттеуге болады. Өнімнің
қозғалу бағытында електің саңылауы қауыздалмаған дәннің ұзындығынан
кіші және қауыздалған дәннің орташа ұзындығына тең алады.
Таза ядроны бөліп алу үшін өнімді бірізді төртбес
қайталап
сұрыптайды, ал қауыздалмаған дән үшін сұрыптауды екі рет бірізділікпен
қайталайды.
Достарыңызбен бөлісу: