82
машинасының типіне, сондайақ өңдеуге түсетін өнімнің құрамына бай
-
ланысты.
Астықты бірінші рет қауыздаудан кейінгі өнімдердің санды құрамы
8кестеде келтірілген.
8-кесте
Бірінші рет қауыздауда
алынатын өнімдердің құрамы
Өнім
Біліктері
резинамен
қапталған
станокта
күріш
Тас
диірмен
қауызда
ғышта
сұлы
Вальце
декалы
станокта
қарақұмық
Вальце
декалы
станокта
тары
Бүтін ядро
69,2
63,1
40,6
68,0
Дән
8,9
12,8
44,5
15,0
Майдаланған ядро
4,1
2,4
1,1
1,1
Ұнтақ
0,8
0,9
0,4
0,6
Қауыз
17,0
20,8
13,4
15,3
Жиынтығы
100
100
100
100
Қауыздалған өнімдерді сұрыптауда келесі операцияларды орындай
-
ды: елеуіш машиналарда ұнтақ пен майдаланған ядроны бөліп алады;
аспирациялық қондырғыларда қауызды желдетіп бөледі; жарма бөлгіш
машиналарда ядроны дәннен бөліп алады.
Ұнтақ пен майдаланған ядроны бөлу қиын болмайды, себебі олардың
өлшемдері дән мен ядродан едәуір кіші. Ұнтақ – эндосперм және
қабықтардың қауыздау барысында майдаланған, саңылау диаметрі
11,5 мм немесе 0,560,63 (өңделетін дақыл түріне байланысты) металл
жіпті сым електерден өткен өнім.
Майдаланған ядро – саңылауы 1,6х20 мм (қарақұмық үшін) және
диаметрі 1,4 – 2,5 мм өткен және ұнтақты елеген електің сырғымасы.
Сұлы мен тарының майдаланған ядросын ұнтақтан бөлмей жем үшін
қолданады.
Електердің өлшемдері және саңылаулары, қайта өңделетін дақыл
түріне байланысты 9кестеде келтірілген.
83
9-кесте
Майдаланған ядро және ұнтақты бөлу үшін
қолданатын електер
Дақыл
Електердің
нөмірі
майдаланған ядро
өткені
Електердің нөмірі
майдаланған ядро
сырғыма
Електердің
нөмірі
ұнтақ өткені
Тары
Ø1,4
№ 056
№ 056
Қарақұмық
1,6 х 20
№ 08
№ 08
Сұлы
Ø2,0
№ 063
№ 063
Күріш
Ø2,7
Ø1,5
Ø1,5
Арпа
–
–
№ 056
Бидай
–
–
№ 063
Шағылған және
майдаланған ас
бұршағы
Ø2,5
Ø1,0
Ø1,0
Майдаланған ядроны ірілігі бойынша електерде сұрыптайды, аспи
рациялық машиналарда желдетеді, магнит аппараттарында тазалайды,
содан кейін таразыда өлшеп қораптарға береді. Майдаланған күрішті
ажарлайды, сұрыптайды, желдетеді, магнит аппаратынан өткізеді, со
-
дан кейін таразыда өлшеп қораптарға береді. Електерден өткен майда
өнімді, ұнтақты тексеру машинасында тексереді, магнит аппаратынан
өткізіп, таразыда өлшеп қораптарға береді.
Майдаланған ядроны және ұнтақты бөліп алғаннан кейін қауыздалған
өнімде ядро, қауыздалмаған дән, қауыз қалады. Қауызды желдетіп ала
-
ды.
Кейбір зауыттарда қауыздаудан кейін желдетіп қауызды, ұнтақты
және майда ядроны алады. Бұдан кейін бөлініп алынған өнімді мұқият
тексереді, себебі ядро қауызда қалуы мүмкін. Сонымен қатар ұнтақ пен
майдаланған ядроны қауыздан бөлу елегенмен салыстырғанда қиын
соғады.
Жанама өнімдерді бөліп алу аса қиын болмайды. Негізгі қауыздау
өнімдерін бөлу, қоспа қауыздалған ядро және қауыздалмаған дәннен
тұрады, күрделі келеді.
Қоспадан ядроны бөлу. Жарма зауыттарында қоспадан ядроны
бөлудің екі амалын қолданады: бірізділікпен көп қайталап ядро мен
дәні бар қоспаны толық қауыздалғанға дейін қауыздау; ядроны бөліп
алып өңдеу, ал дәнді қайталап қауыздау.
84
Бірінші амалдың үлгісі тарыны вальцедекалы станокта «конве
йермен» қауыздау әдісі бірінші қауыздаудан кейін ұнтақты, қауызды,
кейде жарылғандарын бөліп алады, қауыздалған және қауыздалмаған
өнімдерден тұратын қоспаны қайталап қауыздауға береді (26сурет).
Достарыңызбен бөлісу: