Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 Ә. Ізтаев, К. Б. Байболов


Қауыздау үдерісінің технологиялық тиімділігіне әсерін тигізетін



Pdf көрінісі
бет39/161
Дата14.06.2022
өлшемі16,75 Mb.
#146530
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   161
Байланысты:
(K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы

Қауыздау үдерісінің технологиялық тиімділігіне әсерін тигізетін 
факторлар.
Қауыздау машиналарының технологиялық тиімділігіне және 
қуатына әсерін тигізетін факторлар: дәннің технологиялық қасиеттері, 
қауыздағыштардың типі және пайдалану жағдайлары.
Дәннің технологиялық қасиеттері. Сапа айырмашылықтары бар 
бір дақылдың екі партиясын режимдері бірдей бір типті машинада 
өңдеуде қауыздау мәндері әртүрлі. Қауыздау режимдерін тиімді қою үшін 
өңделетін заттардың келесі ерекшеліктерін ескеру қажет:
­ құрылым­механикалық қасиеттері (ядроның мықтылығы, ядро мен 
қауызының мықтылық байланысы және қауызының мықтылығы);
­ дәннің ылғалы, ең негізгісі, ядро мен қауызы ылғалының 
айырмашылығы;
­ толықтығы, ірілігі және дәннің біркелкілігі;
­ гидротермиялық өңдеудің режимдері, қолданатын жағдайларда;
­ астық массасындағы қауыздалған ядроның мөлшері.
Ядроның мықтылығы және қауызынан жеңіл ажырауы оның 
массасының азаюы – ұнтақ және майдалануы бойынша сипаттала
-
ды. Бір дақылдың әр сұрпының ядро мықтылық айырмашылығы 
айтарлықтай ауытқуда болады. Жарма дақылдарының мықтылығы 
және жарма шығымы шынылығымен сипатталады, өйткені бірдей өңдеу 
режимдерінде, ұнды түрімен салыстырғанда, шынылы дәнді өңдеуде 
майдаланған дән және ұнтақ шығымы аз келеді. Сыртқы қабығының 
ядромен тығыз байланыстылығы және бір дақылдың сұрыптарында 
қауызының мықтылығы бірдей болмайды. Жарма дақылының 
технологиялық қасиетін (қауыздау жеңілдігі, ядроның мықтылығы) сы
-
намаларды алдын ала зертханалық қондырғыларда қауыздап анықтауға 
болады. 
Жақсы толған ірі дәннің қауызын алу үшін, осындай майда дәнмен 
салыстырғанда, энергия шығыны аз жұмсалады. Толған ірі дәннің 
қауыз бөлінгіштілігі майда дәнге қарағанда жоғары, ал ірі дәннің 1000 
данасының салмағы жоғары, бір масса бірлігіне келетін дән саны аз бо
-
лады.


78
Толық ірі астықты қауыздау тиімділігі жоғары. Сондықтан кейбір 
дақылдарды ірілігі бойынша фракцияларға бөліп жеке қауыздау тиімді 
өтеді. Астықты фракциялауда әр фракцияның мөлшері машинаға қажетті 
жүктеме беретін болуы қажет.
Зауыттың қауыздау бөлімінде, дайындау бөлімінен қайта қауыздайтын 
өнімдер беріледі, олардың құрамындағы ядроның мықтылығы дәннен 
біршама төмен, өйткені ол алдын ала деформациялық күш әсерін 
тигізген. Қауыздауға түсетін массада ядроның аз болуын қадағалайды. 
Осындай массаны қауыздауда, алғашқы қауыздаумен салыстырғанда, 
өңдеу режимі қарқынды болмауы қажет.
Дәннің физика­механикалық қасиетіне ылғалы үлкен әсерін тигізеді. 
Астықтың ылғалы және құрғап кепкені (тары және күріш ылғалы 11­
12%, сұлы 12% төмен обойкалы машинада, 9% көп емес тас диірменде) 
қауыздау үдерісінің тиімділігін төмендетеді.
Қауыздау үдерісіне ядро мен қауызының ылғал айырмашылығы 
елеулі әсерін тигізеді. Дәннің қауызы ылғалы аз болса, олар омырылғыш 
келеді, ядродан жеңіл бөлінеді, ал ядро ылғалды болса ол иілімді бо
-
лып майдалануға тұрақты келеді. Ылғалды астықты қауыздауда энер
-
гия шығыны артып, зауыттың қуаты төмендейді.
Қауыздау машиналарының типі және пайдалану факторларының 
тәуелділігі. Қауыздау машиналарының жоғары технологиялық тиімділігін 
алу үшін өңделетін астықтың технологиялық қасиеттерін ескеріп, 
машинаға тұрақты күтім қажет; машиналардың жұмыс органдарының 
параметрлері (жұмыс органының айналу жылдамдығы, жұмыс аралығы, 
құм тастың ірілігі) қабылданған нормативке лайықты болуы. Осы 
жағдайда келесі жағдайларды қамтамасыз ету керек:
­ қауыздау машиналарын бірқалыпты толық астықпен қамтамасыз 
ету (толық жүктеме бермеу немесе шамадан тыс жүктеме беру болма
-
уы қажет);
­ қауыздау машиналарының бөлшектерінің бұзылмай дұрыс 
жұмыс істеуі, жұмыс органдарының резина қаптамасы және абразивті 
беттерін уақтылы ауыстыру, істен шыққан бөлшектерді ауыстыру және 
профилактикалық жөндеуді уақтылы жүргізу;
­ машинаның жұмыс органдарының айналу жылдамдығын тұрақты 
ұстау, кері жағдайда артық шығын және ядро қажетсіз майдаланады не
-
месе қауыздалу ойдағыдай болмайды;
­ қауыздау машиналарын дұрыс желдету және ауа тасымалдағыштар 
мен тазалағыштарды уақтылы тазалау.


79
Қауыздағыш машиналардың жұмыс тиімділігін зертханалық бақылау 
жүргізу, нәтижесі бойынша технологиялық тиімділікті орнату. Егер 
зертханалық бақылауда қауыздалмаған дәннің және майдаланған ядро 
мөлшері нормадан артық болған жағдайда үдерістің нашар жұмысының 
себебін анықтап, жөндеуді жүргізеді. Үдерістің тиімділігіне әсерін 
тигізетін көрсеткіштер: астықтың сапа көрсеткіштерінің өзгеруі, 
қауыздауға дейін сұрыптау дұрыс жүргізілмеген, гидротермиялық 
өңдеудің немесе кептіргіштің және қауыздау режимдерінің дұрыс 
қойылмауы.
Қауыздаудың технологиялық тиімділігін бағалау. Қауыздау машина
-
сында қауыздау нәтижесінде екі өнім алуға тырысамыз: ядро және қауыз. 
Бірақ үдерістің жетіспегендігінен қосымша өнімдер алынады. Қауыздау 
операциясы тиімді жүргізілсе қауыздалмаған дән, майдаланған ядро 
және ұнтақ мейлінше аз алынады, демек бүтін ядромен қауыз шығымы 
көп болады.
Қауыздау машиналарының тиімділігін бағалауда, қауыздауға дейін 
және қауыздалғаннан кейін алынған сынамаларда бүтін ядроның, 
майдаланған ядро және ұнтақты анықтайды.
Қауыздау коэффициентін және ядроның бүтіндік коэффициентін 
анықтағаннан кейін машиналардың технологиялық тиімділігі айқын­
далады.
Қауыздау коэффициенті Е
қауыз 
осы жүйедегі, машинаға түскен астық 
мөлшеріне есептегенде, қауыздалған дәннің пайызбен көрсетілген 
мөлшері:
мұндағы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет