37
бұрышынан 36 градус артық алады. Бұл жағдай сырғу жылдамдығы
жоғары, металл қоспаларды алып кететін, тары, ас бұршағын, ажарланған
нөмірлі арпа мен бидай өнімдері үшін өте қажет. Сонымен қатар, өнімнің
қабаты аз болып, шамалы жылдамдықпен сырғуын қамтамасыз ету
қажет.
Электрмагнит сепараторларының тұрақты магнит кедергілерінен
бірқатар артықшылықтары бар. Оларда механикалық тазалағыштар
орнатылған және көтеру күші айтарлықтай жоғары. Бірақ электр күші
болмаған жағдайда магнит өрісі болмайды. Электр магнитті сепаратор
-
ларды даяр және майда өнімдерді тексеруде қолданған тиімдірек, ал
басқа учаскелерде статистикалық магниттерді пайдаланады.
2.8 Түсі бойынша қоспалардан бөлу
Жармаларда немесе тазаланған астықта негізгі өнімнен түсі (күріште
сары дән, ас бұршағында күңгірт дән, ақ үрме бұршақта қара) бойынша
айырмашылығы бар қоспалар жиі кездеседі. Түсті дәннің болуы өнімнің
сапасын және тауарлық құндылығын төмендетеді. Түсті дәнді белгілі
әдістермен бөліп алу мүмкін емес, себебі олар барлық көрсеткіштері
(өлшемдері, формасы, қалықтауы, тығыздығы және басқа физикалық
қасиеттері) бойынша негізгі астықпен бірдей.
Жарманы және астықты түсі бойынша бөлетін фотоэлектронды
сепаратордың (14сурет) жұмысы төмендегідей. Астаушаға ұқсас
транспортердің лентасы 1, онда астық түзу сызық бойынша қатармен
орналасады, ол арқылы өнім оптикалық камераға 2 беріледі, онда екі
фотоэлемент 8 орналасқан. Екі фотоэлементтің сәуле бағыты түсетін
дәннің траекториясына дәл бағытталған. Оптикалық камерада, фотоэ
-
лементтен басқа, эталон экраны 4 және ине 3 орын алған, ол күшейткіш
9 арқылы жоғары кернеулі ток көзімен байланысқан.Түсі әдепкі дәннен
айырмашылығы бар дән фотоэлемент сәулесінен өткенде инеге автомат
-
ты түрде ток беріледі. Осы кезде иненің ұшындағы заряд ұшып түскен
дәнді зарядтайды. Зарядталған дән 5 және 7 қабырғалар және потен
-
циал айырмашылығы жоғары кеңістікке түседі, осылардың әсерінен
электр заряды бар дән (жарма) бөлгіш 6ның оң жанымен аппарат
-
тан шығарылады, ал түсі бойынша айырмашылығы бар қоспалар сол
жағынан түседі.
38
14-сурет
. Электронды сепаратордың
технологиялық нобайы
Фотоэлектронды сепаратор жұмысымен өте сенімді, онда сұрып
талатын өнім тар он астаушаға бөлінеді де, бір талдап дән сусиды. Әр
астаушадан дән түсетін жерде қысылған ауаға толтырылған баллонмен
жалғасқан құбыр орын алады. Түсті дән түскенде қысылған ауа құбырша
арқылы беріледі де басқа дәннен бөлінді. Бұл аппараттың негізгі кемістігі
– қуатының аздығы.
Достарыңызбен бөлісу: