Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 Ә. Ізтаев, К. Б. Байболов


Астықты аэродинамикалық ерекшеліктері бойынша



Pdf көрінісі
бет17/161
Дата14.06.2022
өлшемі16,75 Mb.
#146530
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   161
Байланысты:
(K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы

2.4 Астықты аэродинамикалық ерекшеліктері бойынша 
қоспалардан тазалау
Астық массасынан жеңіл, әлжуаз және дамымаған дәнді, қауызды 
ұшыру, тексеру және басқа өнімдерді тазалау үшін жарма зауыттарында 
ауа ағымын реттейтін машиналар кеңінен пайдаланады. Осындай әдіспен 
тазалауды пневмосұрыптау деп атайды.
Аспирациялық машиналардың тиімділігі бөлінетін заттардың негізгі 
астық массасынан аэродинамикалық қасиеттерінің (ауа ағымына 
қарсыласы) айырмашылықтарына туралай тәуелді.
Астық массасынан әлжуаз, негізгі астық дәнінен әртүрлі өлшем 
айырмашылықтары бар, бірақ қауыздылығы жоғары және майдала
-
ры, ядросы толмаған заттар ауа ағымымен ұшып кетеді. Алдын ала 
ірілігі бойынша сұрыпталған, оларды жеке аспирациялық машиналар
-
да өңдеуде үдерістің тиімділігін арттыруға болады. Ауа ағымы режимін 
дұрыс орналастырмағанда қоспалар тиісті мөлшерде бөлінбейді неме
-
се ауамен негізгі дақыл кетуі мүмкін. Бірінші жағдайда өнімнің сапасы 
нашарлайды, екіншіде өндірістің шығыны артады.
Астық вертикаль ауа ағымымен желдетіледі, ал горизанталь ағымымен 
желдету өте сирек қолданады.
Вертикаль жоғары көтеруші ағыммен үрлегенде әр дәнге салмақтық 
күш G, ауа ағымының көтергіш күшіне тең заттың ортасына түсетін және 
кедергі күші R, әсер етеді (8 а­сурет).


29
8-сурет
. Ауа ағынында бидай дәніне әсер ететін күштер
Жеңіл заттар, олардың көрсеткіші G< R болған жағдайда, ауа ағымы 
алып кетеді, ал G > R қатынастағы ауыр заттар (дән) төмен түседі. Егер 
G = R қатынаста болса, онда зат қалқу жағдайында болады, оны қалқу 
жылдамдығы деп атайды.
Ауа ағымымен бірге ұшатын дәнге әсер ететін қысым күші оның фор
-
масына, өлшемдері және оның ауа ағымына салыстырмалы орналасуы 
(миделево қиынды ауданы барлық проекцияларында тұрақты ас бұршақ, 
шар тәрізді тары дәндерінен басқалары) және ауаның салыстырмалы 
жылдамдығы аэродинамикадан белгілі. Ол күшті Ньютон формуласы 
бойынша есептейді:
мұндағы: 
F

– заттың ауданының жазықтыққа проекциясы, әдеттегі 
салыстырмалы жылдамдықтың (мидельді қиындысы) векторына, м
2

v
0
– сүйір заттың және ағымның салыстырмалы жылдамдығы, м/с; 
 
– 
аэродинамикалық кедергі коэффициенті
p
ауаның тығыздығы, кг/м
3
.
Ауа ағымы жазықтық жағдайда әсер еткенде дән G және R күштері 
әрекеттерінде болады, тек олар белгілі бұрышта әсер етеді (8 б­сурет). 
Астық парабола бағыты бойынша тең әрекетпен жылжиды. Заттың 
тік құлауы G және R күштерінің қатынасына тәуелді келеді, ал оны 
төменгі қатынас бойынша анықтайды. Бұл қатынасты ұшу коэффициенті 
деп атайды. Жазықтық ауа ағымы заттардың ұшу коэффициенті 
айырмашылықтарына байланысты дәнді фракцияларға бөледі.


30
Қоспадағы компоненттердің қалқу жылдамдықтары айырмашылығы 
олардың бөлінуінің негізі болып табылады. Осы айырмашылық көп бол
-
са сұрыпталатын қоспаның бөлінуі айқындала түседі, яғни үдеріс тиімді 
болады (4­кесте).
4-кесте
Жарма дақылдары үшін кедергі 
коэффициенті k және қалқу жылдамдығының v орташа мәні
Дақыл
k
v
Тары
0,045 – 0,073
0,7 ­8,8
Қарақұмық

7,4 – 9,0
Сұлы
0,169 – 0,300
7,1 – 9,1
Арпа
0,191 – 0,272
8,4 – 10,8
Бидай
0,084 – 0,650
8,9 – 11,5
Күріш дәні
0,190 – 0,229
7,5 – 11,2
Ас бұршақ

14,5 – 17,5
Жүгері
0,162 – 0,236
12,5 – 14,0
Жасымық
0,359 – 0,601
8,3 – 9,8


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет