Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 Ә. Ізтаев, К. Б. Байболов



Pdf көрінісі
бет12/161
Дата14.06.2022
өлшемі16,75 Mb.
#146530
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   161
Байланысты:
(K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы

2-
ТАРАУ
ЖАРМА ЗАУЫТТАРЫНДА АСТЫҚ МАССАСЫН ТАЗАЛАУ
2.1 Астық массасының физикалық қасиеттері 
және оны тазалау әдістері
Астық массасын тиянақты тазалап жоғары сапалы жарма өнімдерін 
өндіруге болады. Қайта өңдеуге арналған астық массасынан басқа 
дақылдарды, жабайы өсімдіктердің тұқымдарын, органикалық
анаорганикалық, минералды қоспаларды олардың физика­механикалық: 
дәннің немесе бөлшектердің геометриялық өлшемдері, аэродинамикалық 
қасиеттері, массалары, тығыздық ерекшеліктері, металлмагниттіқ 
қасиеттері, серпімділік, үйкеліс коэффициенті, түсі, электрофизикалық 
ерекшеліктері және т.б. бойынша тазалайды.
Астықты қайта өңдеу өндірістерінде елейтін жұмыс органдары елек
-
тен, саңылаулары және олардың өлшемдері әртүрлі формада орындалған, 
тұратын технологиялық жабдықтар (астық елеуіштері, рассевтер, електі 
сұрыптауыштар) кең тараған. Дәннің көлденең қиындысы бойынша 
айырмашылығы бар қоспаларды елекпен елеп алады; ұзындығы бо­
йынша триерлерде (цилиндрлі, дискілі); аэродинамикалық ерекшеліктері 
бойынша­аспираторларда, аспирациялық колонкаларда, пневмоелектер
-
де; пішіні, үйкелу коэффициенті, бетінің жағдайы бойынша – спиральді 
және ленталы сепараторларда; тығыздығы бойынша – тас бөлгіштерде.
Металлмагнитті қасиеттері бойынша айырмашылығы бар қоспаларды 
магнитті және электромагнитті сепараторларда бөледі, электрофизикалық 
қасиеттері бойынша – электрсепараторларда, түсі бойынша – электрон
-
ды сепараторларда.
Негізгі астық массасын толық бөлу және сұрыпталған дақылды 
құрылымына, біркелкі бөлікке (фракцияға) бөлетін механикалық үдерісті 
сепараторлау деп атайды.
Қоспалардан тазарту әдісін таңдауда компоненттердің геометриялық 
белгілерін және физикалық қасиеттерін тиімді пайдаланған өте өтімдірек. 
Алғаш массалық жолмен қайта өңделетін дақылдың геометриялық және 
физика­механикалық сипаттамаларын анықтайды. Әр үлгіден алынған 
сынаманы електермен жинақталған зертханалық елеуіште елейді, әр 
електегі қалдықтарды (фракциялар) жеке өлшеп, пайызға келтіріп әр 
өнімнің массадағы үлесін анықтайды. Осындай сараптама арқылы 
қоспаларды елеу арқылы бөлуге болатындығы және қоспаларды елеп 
алуға мүмкін екендігі және қайсы фракция көбірек ластанғанын біліп, 


20
қандай саңылаулы електерден қиын бөлінетін қоспаларды ажыратып 
алуға болатындығы анықталынады. Егер елеу тиімді нәтиже берме
-
се, онда қоспаларды жел ағымымен немесе триерлерде және басқа 
машиналарда бөлуге мүмкіндігі бар екендігі белгілі болады. Електі 
сұрыптау нәтижесі арқылы ірілігі бойынша ауытқу сызбасын орындап, 
әр фракцияға келетін қоспалардың құрамын анықтауға толық мүмкіндік 
туады.
Өндірістік жағдайда елек саңылауының нөмірін зертханалық ізде­
ніспен анықталынған елек саңылауынан 0,1 мм артық орнатып, аздаған 
астық массасын елеуден өткізіп, тиімділігін анықтайды. Үдерістің тиімді 
нәтижесі бойынша технологиялық өңдеу режимдерін орнықтырып, басқа 
партияны өңдеуге кіріседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет