Қылтанақтылығы. Күріш және сұлы дәндерінде қылтанақтың болуы
немесе сұлы мен арпа дәндерінің қауызының аяғына қарай үшкірленуі
олардың жалпы массасын өсіреді, сусымалдығын төмендетеді және
қосымша жабдықты қажет етеді. Мұндай дақылдар қылтанақсыз және
дәні толған дақылдармен салыстырғанда құнсыздау келеді. Қылтанақты
және қауыздың үшкірленген бөлігін алу астықты тазалау үдерісін
жеңілдетеді.
Біркелкілігі. Астықты қайта өңдеп жарма өндірудің тиімді өтуі
дақылдың типтік және сұрыптық құрамының біркелкілігі елеулі әсерін
тигізеді. Түрлі сұрыпты және түрлі типті астықтарды араластыруға
рұқсат етілмейді.
Ірілігі. Негізінен, көпшілік жарма дақылдары дәні ірі болады, майда
дәндермен салыстырғанда, ядро мөлшері жоғары келеді, ал майда дәннің
мықтылығы артық. Жақсы толған жарма дақылының 1000 дән салмағы
сапасы жақсы, бірақ майда дәнмен салыстырғанда 1,52 есе көп келеді.
Сапасы жақсы ірі дәнді тазалау және қауыздау жағдайы жеңілдейді,
өндірістің өнімділігі және даяр өнім шығымы артады, сапасы жақсарады.
Ірі дәнді қайта өңдеуде оның 1000 дәнінің салмағының өсуіне байланыс
ты қауызы азаятындықтан, өнімнің шығымы артады.
Бірыңғайлығы. Ірілік өлшемдері жақын дәннен құралған пар
-
тияны бірыңғайлыққа жатқызады. Толық бірыңғайлыққа келмеген
астықты өңдеу даяр өнімнің шығымы мен сапасына қолайлы болмайды.
Бірыңғайлық дәрежесі екі шектес електердегі қалдықтар қосындысымен
сипатталады, ал електердің саңылаулары зерттелетін дақылдың түріне
байланысты келеді.
Ылғалы – астық массасындағы су мөлшері. Бұл көрсеткіш астықты
сақтауда негіз болып саналады. Сонымен қатар, қауызының және
қабығын ажырату деңгейін және ядроның мықтылығын, гидротермиялық
өңдеу режимдерін, сондайақ басқа технологиялық жабдықтардың
өңдеу режимдерін анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Кептіру
қондырғылары және гидротермиялық өңдеу үдерісі болмаған жағдайда
ылғалдың мөлшері даяр өнімнің стандарт талаптарына жауап беретін
деңгейде болуы қажет. Осы жағдайларда ядроның ылғалы дәннің
ылғалынан жоғары болуы ескеріледі.