Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 Ә. Ізтаев, К. Б. Байболов



Pdf көрінісі
бет80/161
Дата14.06.2022
өлшемі16,75 Mb.
#146530
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   161
Байланысты:
(K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы

7.6 Бидай жармасының ассортименті
шығым нормалары және сапасы
Қатты бидайды өңдеудегі жарма мен қалдықтар шығымының базистік 
нормалары 49­кестеде келтірілген.
49-кесте 
Қатты бидайды өңдеудегі жарма мен қалдықтар шығымының
базистік нормалары
Өңдеу өнімдері
Шығым, %
Полтава жармасы:
№1+№2
8,0
№3+№4
43,0
Артек жармасы
12,0
Жарманың барлығы
63,0
Жемдік ұнтақ
30,0
І және ІІ категориялы қалдықтар
5,3
ІІІ категориялы қалдықтар және механикалық 
шығындар
0,7
Кеуіп кетуі
1,0
Барлығы
100
Бидай жармасының ассортименті мен сапа нормалары МЕМСТ 276­
60 талаптарына сай болу керек.
Өңдеу әдісі мен түйіршік өлшеміне байланысты бидай жармасын екі 
түрге бөледі: Полтава және Артек. Полтава бидай жармасы 1, 2, 3 және 
4 нөмірлеріне бөлінеді. Артек бидай жармасы нөмірлерге бөлінбейді.
Бидай жармасы 1, 2 және 3 класс қатты бидайдан өндірілуі қажет.
Егер құрамындағы келесі қоспалар артық болмаған жағдайда қатты 
кластық емес бидайды қолдануға рұқсат етіледі:
­ шөп­шалам қоспасы – 2,0%, соның ішінде бүлінген дәндер – 0,2%;
­ дән қоспасы – 5,0%, соның ішінде өңген дәндер – 3,0%;
­ басқа типті бидай дәндері – 15%­дан артық емес, соның ішінде 
3­ші класс қатты бидайдағы жұмсақ белозерная бидайы– 8%­дан және 
кластық емес – 10% артық емес.
Қалған көрсеткіштер бойынша бидай МЕМСТ 9353­85 бойынша 3­ші 
класс немесе кластық емес талаптарына сай болу керек.


183
Бидай жармасы түрлерінің сипаттамасы 50­кестеде берілгердерге сай 
болу керек.
50-кесте 
Бидай жармасы түрлерінің сипаттамасы
Жарма түрі
Сипаттама
Полтава
№1 жарма – ұрық пен жарым­жартылай жемістік және 
тұқымдық қабықтардан ажыратылған, ажарланған, 
ұзынша пішінді дөңгеленген бидай дәні
№2 жарма – ұрық пен жарым­жартылай жемістік және 
тұқымдық қабықтардан толығымен ажыратылған, 
ажарланған, сопақ пішінді дөңгеленген бидай дәнінің 
ұсақталған бөлшектері
№3 және 4 жарма – ұрық пен жарым­жартылай 
жемістік және тұқымдық қабықтардан толығымен 
ажыратылған әртүрлі көлемді бидай дәнінің ұсақталған 
бөлшектері
Артек
Ұрық пен жарым­жартылай жемістік және тұқымдық 
қабықтардан толығымен ажыратылған бидай дәнінің 
майда ұсақталған бөлшектері. Жарма бөлшектері 
ажарланған
Бидай жармасының барлық түрі мен нөмірлері 51­кестеде көрсетілген 
талаптарға сай болу керек.
51-кесте
Бидай жармасы сапасының көрсеткіштері
Көрсеткіш аталуы
Норма
Түсі
Сары
Дәмі
Бидай жармасына тән, 
бөтен татымсыз, қышқыл 
және ащы емес 
Иісі
Бидай жармасына тән, 
бөтен иіссіз, шіріген, 
көгерген емес
Ылғалдылық, %, артық емес
14,0
Жоғары сапалы ядро, % кем емес
99,2
Шөп­шалам қоспасы, %, артық емес
0,3


184
соның ішінде:
минералды қоспа, артық емес
0,05
зиянды қоспа, артық емес
0,05
оның ішінде жорғалаушы кекіре және түрлі­
түсті вязель, артық емес
0,02
қарамықша, артық емес
0,10
Бүлінген ядролар, %, артық емес
0,20
Қара бидай мен арпаның өңделген дәндері, %, 
артық емес
3,0
Астық қорының зиянкестерімен залалдануы
Рұқсат етілмейді
Гелиотроп және сұрғылт триходесма 
тұқымдарының қоспасы
Рұқсат етілмейді
1 кг жармадағы металлмагнитті қоспа, мг, 
артық емес
3,0
Ескерту:
1. Ең үлкен ұзындық өлшемінде металлмагнитті қоспаның жеке 
бөлшектерінің өлшемі – 0,3 мм­ден аспау керек, ал оның жеке 
бөлшектерінің массасы – 0,4 мг­нан артық болмау керек.
2. Бидай жармасындағы пестицидтердің қалған мөлшері максимал
-
ды рұқсат етілген деңгейден аспауы керек.
Ірілігі бойынша бидай жармасының сипаттамасы 52­кестеде көрсе­
тілген талаптарға сай болу керек.
52-кесте
Ірілігі бойынша бидай жармасының сипаттамасы
Жарманың түрі және 
нөмірі
Саңылаулар диаметрі, мм, 
екі қатарлас електердің
Екі қатарлас 
електердің кетімі мен 
өтімінің нормасы, %, 
кем емес
анықтау үшін
өтім
кетім
Полтава:
№1
3,5
3,0
80
№2
3,0
2,5
№3
2,5
2,0
№4
2,0
1,5
Артек
1,5
063


185
Ескерту:
1. №2, 3, 4 Полтава және Артек жармалары үшін бидайдың 
ұсақталмаған дәндері рұқсат етілмейді.
2. МЕМСТ 14­4­1063­80 бойынша №063 сым тордан тұратын електің 
кетімі Артек жармасы болып табылады.
Бидай жармасының барлық түрі мен нөмірлеріндегі қоспаларға 53­ 
кестедегі берілгендер жатады.
53-кесте 
Бидай жармасындағы қоспалардың сипаттамасы
Қоспалардың
атауы
Сипаттама
Шөп­шалам қоспасы:
минералды қоспа
Құм, ұсақ жұмыр тас, жер, зімпара, руда, шлак 
бөлшектері
Органикалық қоспа
Гүлді қабықшалар, сабақтың, масақтың бөлшектері, 
шөп­шалам қабықтары, астық қорының өлі 
зиянкестері (қоңыздар)
Зиянды қоспа
Қара күйе, қастауыш, жорғалаушы кекіре балық, 
түрлі­түсті вязель, қияқ термопсис (мышатник)
Шөп­шалам 
тұқымдары
Барлық жабайы және мәдениетті 
өсімдік тұқымдары
Қара бидай мен арпаның өңделген дәндері 
3%­дан жоғары
Өңделмеген бидай дәндері – дөңгеленбеген, 
ажарланбаған, ұрық бөлшектерінің болуы
Қарамықша
Қарамықша тұқымдары
Бүлінген ядролар
Шіріген, көгерген, көмірленген – эндосперм түсі 
анық өзгерген (бүлінген) дәндердің барлығы
Ұнтақ
МЕМСТ 14­4­1063­80 бойынша №063 сым торлы 
електің өтімі
Ескерту
:
Қара бидай мен арпаның өңделген дәндері деп ұрық пен гүлді 
қабықтардан (арпа) және жарым­жартылай жемістік және тұқымдық 
қабықшалардан ажыратылған негізгі дақыл – бидаймен қоса техно­
логиялық өңдеуден өткен осы дақылдарының дәндерін айтамыз.


186


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет