201
Жарманы тазалайды, 13,514% ылғалдыққа дейін кондицирлейді және
1% ас тұзын қосады. Экструдерге түскен жарма жылу мен қысым әсерімен
біртекті шикізат ылғалынан түзілген қаныққан бумен бірыңғай қамыр
тектес массаға айналады. Бұл «қамыр», ұзындығы 36 см бөліктерге
пышақпен кесілетін, әртүрлі пішіндегі жіптер түрінде матрица саңылау
арқылы тығыздалады. Қысымның күрт төмендеуіне орай өнімнен жары
-
лыс түрінде бу
бөлінеді, соның салдарынан көлемі 35 есе ұлғаяды.
Экструзия қысқа уақытында (4050с) жармада жүретін биохимиялық
өзгерістердің маңызы өте жоғары. Декстриндер мөлшері 3540%ға,
еритін қант – 57%ға дейін өседі. Клетчатка мен гемицеллюлозалар бо
-
сап іседі. Ақуыздардың денатурациясы жартылай алмастырылмайтын
аминқышқылдары (1535%) мен витаминдердің (515%ға) жоғалуына
алып келеді. Суда еритін заттардың жалпы мөлшері, құрамы 5060%ға
дейін өседі.
Жүгері және бидай түтікшелерін – әртүрлі қоспалармен шығарады:
тәтті, дәм қабығы бар дәмқабықтәтті, жержаңғақ қоспалы, тұзды,
сарымсақты және т.б. Ұсақталған және жасыл ірімшік бетіне себілген
жүгері түтікшелерінің тағамдық құндылығы өте жоғары.
Жүгері түтікшелерін салмағы 50200г целлофанды пакеттерге неме
-
се картон қораптарда қаптайды.
Жүгеріден жасалған фигуралы бұйымдарды
жүгері түтікшелерін
алған технологияға ұқсас технологиямен дайындайды, бірақ саңылаулар
әртүрлі пішіндегі матрицалар қолданылады, осыған орай шарлар,
жұлдызшалар, жарты шеңбер, сақиналар және т.б. түрдегі бұйымдар
алады.
Фигуралы бұйымдарды әртүрлі қоспалар
мен атаулар беріліп
шығарылады. Мысалы, қант опасы мен ванилинді фигуралы бұйымдар
«Забава», қант опасы және жемісжидекті
экстрактілі бұйымдар
– «Мозаика» және «Олимпиялық» деп аталады. Қантты өсімдік ма
йын «Десерттік», тұзды – «Любительские» және «Столовые» және т.б.
фигуралық бұйымдарға қосады.
Фигуралық бұйымдарды салмағы 50200 г целлофанды пакеттерге
немесе картон қораптарда қаптайды.
Құрғақ дәнді тақталар
АҚШ және бірқатар елдерде кеңінен тараған
өнімдер қатарына жатады. Тақталар құрамына бидай үлпектері неме
-
се өскіндері, сұлы үлпектері, жарылған күріш, жаңғақ, құрғақ жеміс
жидек, пайдаланылған тағамдар, байланыстырушы заттар (қант шәрбәті,
қоймалжың заттар) және басқа өнімдер кіреді. Олардың өндірісі техноло
-
гиясы келесідей: қажетті қалыңдық пен тығыздықтағы лентаға біліктер
көмегімен қоспаны қалыпқа салады, салқындатады және пісіреді неме
-