9-ТАРАУ БАЛАЛАР ТАҒАМЫ МЕН ДИЕТАЛЫҚ ТАМАҚТАНУҒА АРНАЛҒАН ҚҰРҒАҚ ӨНІМДЕР 9.1 Жармалардың құрғақ қайнатпалары Құрғақ қайнатпаларды күріш, қарақұмық және сұлы жармаларынан
66суретте көрсетілген технологиялық сызбанұсқасы бойынша дайын
-
дайды.
Жарманы әртүрлі қоспалардан дән сепараторында 1 тазалайды,
(сепараторларда орнатылған саңылаулардың мөлшерлері 67кестеде
келтірілген) және автотаразы 2 арқылы жарма жуу машинасына 3
бағыттайды. Сұлы жармасын жуғаннан соң жаншу станогында 4 жан
-
шиды және насоспен 5 қайнату аппаратына 6 тартады. Қарақұмық
және күріш жармаларын қайнату аппаратына жаншымай артады.
Қайнатылған жарманы насоспен 7 үккіш машинасына 8 бағыттайды, ол
жерде ерітіндіге өтпеген жарма қалдықтарын бөліп, білікті кептіргіште
(сызбанұсқасында ол көрсетілмеген) кептіреді және қалдық ретінде
өткізеді. Үгілгеннен кейін алынған жармалардың сұйық қайнатпасын
аппаратта 9 гомоген дейді және өнімді жылытуға арналған бу қабатыбар
жинағышта 10 жинайды. Жинағыштан қайнатпаны насоспен 11 шашы
-
рату кептіргіштің 13 қабылдау багіне 12 бағыттайды. Құрғақ қайнатпаны
виброелектен 14 өткізеді және салқындатады. Құрғақ қайнатпаның
кесектерін ұсақтайды, електен өткізеді және бұрын електен өткізілген
құрғақ қайнатпамен араластырады.
67-кесте Сепараторларда орнатылған саңылаулардың мөлшерлері, мм
Жармалар
Елек саңылауларының мөлшерлері, мм
қабылдау
сұрыптау
кетімді
Күріш
10
3х20
1
Сұлы
10
3х20
1
Қарақұмық
6
4
1
Жарманы қайнатуға дайындау. Жарманы, мөлшерлері 75кестеде
келтірілген штампталған металл електер орнатылған, дән сепараторын
-
да қоспалардан тазалайды.