209
Сонымен, гомогенизация кезінде сұйық қайнатпалардың техноло
гиялық қасиеттері жақсарады, бұл олардың шашырату үдерісін едәуір
жеңілдетеді және кептіру қондырғысының жұмысын жақсартады.
Технологиялық нұсқаулармен тиісті жабдықтар болмаған жағдайда
гомогенизациясыз жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Бұл кезде жармалар
-
ды қайнату кезінде қайнату аппаратына құйылатын суды, сұлы және
күріш жармалары үшін 1050 лге дейін, қарақұмық жармасы үшін –
1000 лге дейін көбейту қажет. Алынған қайнатпа бұл жағдайда, құрғақ
заттары жоғарыда көрсетілген жарманы қайнату
кезіндегі мөлшерде су
беру кезіндегі 6,57% орнына 4,55% құрайды. Бұл кептіру мұнарасына
қосымша салмақ түсіретіні түсінікті, себебі буланатын су мөлшері
өседі. Сондықтан, сызбанұсқаларда қайнатпаларды гомогенизациялау
-
ды шығарып тастау тиімді емес.
Қайнатпалардың гомогенизациясын сүт гомогенизаторларда жүргізеді.
Гомогенизаторда қайнатпа плунжерлі насоспен жасалатын жоғары
қысыммен (1015 МПа) клапан беті мен оның құрал арасында түзілген
капиллярлы саңылау арқылы өтеді және осының салдарынан өте май
-
да бөлшектерге ұсақталады.
Гомогенизацияға жарманың барлық ерімеген бөлшектері мен оның
қабықшасынан толық аршылған қайнатпа түсуі қажет, себебі ақуызды ми
-
целл (қойыртпақ) және крахмал қойыртпақтары ұсақталады. Құрамында
мыжылған қалдықтары бар қайнатпаны өңдеу гомогенизаторды істен
шығаруы мүмкін, мұны үнемі естен шығармау керек.
Гомогенизацияланған қайнатпаны 8590
0
С температура деңгейінде
ұстап тұру үшін, бу ұстау матасымен
жабдықталған резервтік
сыйымдылықтарда жинайды. Қайнатпаны жоғарыдағы температу
-
радан төмен түсіруге болмайды, себебі бұл оның тұтқырлығы мен
қышқылдығының өсуіне алып келеді. Сұйық қайнатпаның қорын көп
етіп жинауға болмайды. Оны ұзақ мерзім сақтау кезінде қышқылдықтың
өсуі жүреді, бұл өнімнің сапасын төмендетеді.
Достарыңызбен бөлісу: