216
тысына түседі, сосын ұнтақталғаннан кейін №5 металтоқылған електің
үш рамкасы және №27 жібек електің немесе №35 капронды електің жеті
рамкасы орнатылған елеуіштің бірінші жартысына түседі.
Өнімнен №5 електен қабықша мен ұнтақталмаған бөлшектер бөлінеді.
№5 електің өтімін №27 жібек елек арқылы елейді, оның кетімін 1 см
шеңбер ұзындығына 10 тістері бар біліктер орнатылған білікті станоктың
екінші жартысына жібереді. №27 електің өтімімен дайын ұн шығады.
Білікті станоктың екінші жартысынан өнімді елеуіштің екінші
жартсының төрттен біріне бағыттайды, мұнда қауызды бөлу үшін №5
металтоқылған електің екі рамкасы және №27 жібек електің немесе №35
капронды електің сегіз рамкасы орнатылған.
№27 електен кетімі – кебектер. Дайын өнімді – елеуіштің төрттен
үшіне №27 електің өтімі – бірге жинайды және бақылау елеу үшін
бір нөмір төмен жібек елек орнатылған елеуіштің соңғы ширегіне
бағытталады.
Бақылау елеуден кейінгі електердің кетімін білікті станоктың екінші
жартысына қайтадан бағыттайды, ал өтімді жинағыштарға жинай
-
ды және одан ары өндіру үшін дайын өнім немесе жартылай фабрикат
ретінде пайдаланады.
Диеталық ұн тарту дәрежесі бойынша төмендегі талаптарды қанағат
тандыруы қажет: елеуден кейін №27 жібек електегі қалдық 2%н аспауы
қажет, №38 жібек електің немесе №44 капрон електің өтімі 60%н кем
болмауы тиіс.
Білікті станок немесе елеуіштің әрбір беру алдында өнім міндетті
түрде металдымагнитті қоспаларды ұстап қалу үшін магнитті кедергіден
өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: