Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 Ә. Ізтаев, К. Б. Байболов



Pdf көрінісі
бет100/161
Дата14.06.2022
өлшемі16,75 Mb.
#146530
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   161
Байланысты:
(K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы

Шикізат шығынының нормалары. 
Жартылай фабрикаттарды 
ара ластыруға дайындау және дайын өнімдерді қораптау үдерісінде 
шы ғындар болады, олардың шамасы өндіру көлеміне және өндірістің 
техникалық жағдайына байланысты. Шикізат шығыны нормасын есеп
-
теу кезінде (4) формуланы пайдаланады:
мұндағы: 
h
n
– термиялық өндеуге түспейтін шикізат шығынының 
нормасы, 1000 кг дайын өнімге, кг; 
P
– рецептуралық мөлшері, %; 
ҚШ
– әр шикізат түрінің бақылау елеу, өлшеу, араластыру, буып­түю 
операцияларындағы қалдықтары мен шығындар, %.
Бұл кездегі шығындар мен қалдықтар төмендегідей қабылдануы 
мүмкін (71­кесте):


229
71-кесте
Жартылай фабрикаттарды араластыруға 
дайындау үдерісінде және дайын қоспаларды буып түю 
кезінде шығындар мен қалдықтар
Өнім
Норма, %
Қант
1,0
Крахмал
2,3
Құрғақ сүт
0,45
Диеталық ұн
2,3
Көкөніс
ұнтақтары
1,0
Бидай ұны
2,0


230
10-ТАРАУ
СҰЛЫДАН ЖАСАЛҒАН ДИЕТАЛЫҚ ӨНІМДЕР
10.1 Сұлы диеталық өнімдері
Қазіргі уақытта сұлыдан жасалған диеталық өнімдер өндіреді, оларға
«Геркулес», «Экстра» үлпектері мен талқан жатады.
Талқан мен «Геркулес» үлпектерінің негізігі тағамдық заттарының 
құрамы 72­кестеде келтірілген.
72-кесте 
Талқан мен «Геркулес» үлпектерінің негізгі
тағамдық заттарының құрамы
Өнім
Құрамы, 100 г өнімге г­мен
су
ақуыздар
май
-
лар
көмірсулар
барлығы
крахмал
Талқан
10,0
12,2
5,8
68,3
54,5
«Геркулес» 
үлпектері
12,0
13,1
6,2
65,7
59,2
Өнім
Құрамы, 100 г өнімге мг­мен
на
-
трий 
(
Na
)
калий 
(
K
)
каль
-
ций 
(
Ca
)
магний 
(
Mg
)
Фос­
фор 
(
P
)
темір 
(Fe)
В 
тобының 
витамин­
дері
Талқан
23
351
58
111
328
10,7
0,98
«Геркулес»
үлпектері
45
292
52
142
363
7,8
1,53
Тағамдық құндылығы бойынша сұлы диеталық өнімдері көптеген 
жармалардан басым. Сұлы ақуызында адам ағзасы өздігінен түзе ал
-
майтын және тамақпен алынуы қажет барлық алмастырылмайтын 
аминқышқылдары бар. Сұлы ядросының көмірсутегі негізінен крах
-
малдан тұрады, оның дәні басқа крахмал түрлерінен айырмашылығы 
жіп тәрізді өте ұсақ болып келеді, сонымен қатар адам ағзасымен жақсы 
сіңіріледі. Сұлы өнімдерінде, 56­кестеден көрсетілгендей, жүрек бұлшық 
еттері қызметіне қолайлы әсер ететін калий мен магний өте көп.


231
Сұлының тағамдық заттарының сіңімділігін жоғарылату үшін, сұлы­
ның тағамдық заттарына механикалық, физикалық және биохи миялық 
факторлармен негізделген өңдеуден өткізеді.
Осындай әсер ету нәтижесінде «Геркулес» сұлы үлпектері мен талқан 
алады, оларда тағамдық заттар мейлінше сіңімді түрде берілген. Мысалы, 
сұлы өнімдернің ақуызы сіңімділігі 85%, көмірсутегінікі – 96%, майдікі 
– 94%. Осыған байланысты сұлыдан жасалған диеталық өнімдердің адам 
тамақтануда алар орны үлкен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет