Байланысты: (K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы
10.2 Талқан Талқан өндіру үшін шөпшалам қоспалары, семген және пісіп
жетілмеген дәндерден тазартылған сұлыны қолданады.
Сұлыны 35°Сқа дейін жылытылған сумен сулайды және оның
ылғалдылығын 30%ға дейін жеткізу үшін 2 сағат кеспекте ұстайды.
Дымқыл сұлыны қайнату аппаратына жібереді және 0,150,20 МПа
(1,52,0 ати) бу қысымында 1,52 сағат аралығында баяу бұқтырылғаннан
кейін 56% ылғалдылыққа дейін кептіру үшін бу кептіргіш арқылы
өткізеді, ал одан кейін өндіріс орнындағы ауа температурасынан 68
0
С
аспайтын температураға дейін салқындатады.
Сұлыны қауызсыздауды қауызсыздау поставы (айналмалы жылдамдық
1920 м/с) немесе ортадан тепкіш қауызсыздағышта жүргізіледі.
Ұнтақ пен ұсақ жарманы бөлу үшін қауызсыздау өнімдерін елеу
-
ге ( 2,0 мм диаметр саңылаулы елек), одан кейін қауызды бөлу үшін
аспираторға жібереді.
Қауызсыздалмаған дәндерден қауызсыздалған дәндерді бөлу падди
машинада жүргізіледі. Қауызсыздалмаған дәндерді қайта қауызсыздауға,
ал қауызсыздалғандарын аспираторда суырғаннан кейін ұнтақтауға
жібереді.
Қауызсыздалған сұлыны білікті станоктарда біліктердің келесі сипат
-
тамасы бойынша ұнтақтайды:
1ші жүйе – 1 смге рифлдер саны 810, еңкіштігі – 68%;
2ші жүйе – 1 смге рифлдер саны 1012, еңкіштігі – 810%.
Екі жүйе үшін де жылдамдықтар қатынасы 2,5; біліктердің айналмалы
жылдамдығы 3,5 м/с; рифлдердің орналасуы «өткірі өткіріне қарсы».
Ұнтақтау өнімдерін №1,2 сым елегінде және №27 мен №29 жібек не
-
месе №29к мен №32к капрон електерінде елейді. 1жүйенің №1,2 електің
кетімі 1жүйенің білікті станогына қайтарылады. Қалған електердің
232
кетімдерін 2ші жүйенің білікті станогына, екі жүйенің №29к мен №32к
електері арқылы өтімі – бақылау елеуіне жіберіледі.
Ұнды (талқанды) №29к (№ 32к) елек арқылы елегеннен кейін магнитті
бақылаудан өткізеді және қаптау үшін буып түю цехына жіберіледі.