228
Қоспаларды қағаз пакеттерге салуды «Хессер» автоматында іске асы
-
рады. Автомат екі қабатты пакеттер дайындайды: ішкі бөлігі фольгадан,
сыртқы бөлігін – жазба қағазынан (сыртқа жағына автомат қажетті эти
-
кет деректерін түсіреді) жасайды. Пакет өніммен толтыратын (көлемдік
дозалау) құрылғының алдына қойылады, сонан соң желімделеді және та
-
сымалдау ыдысына қою үшін тасымалдағышқа шығарылады.
Қоспаларды қағаз пакеттерге қораптау үшін АПБ түріндегі автомат
пайдаланылуы мүмкін.
Қоспаларды аралас картондықаңылтырлы қалбырларға салуды,
құрғақ сүт өнімдерін және төгілмелі балалар тағамдары өнімдерін
қораптауға арналған А5АЛСМ1 автоматты желіде іске асырады. Желі
келесі машиналар мен агрегаттардан тұрады: қалбырларды бактерицидтік
қарсы сәулелендіру мен үрлеуге арналған А5КУ1Б қондырғысы; үш до
-
заторлы А5АР9Ш қораптау автоматы; Б4КЗТ11М айналдыру авто
-
маты; қалбырдың жабылған жарықшақтарын бақылауға арналған А5
АЛСМ100.010 учаскесі; қатпарлы ыдысқа қалбыр қоюға арналған А5
АБУ2 жартылай автоматы; қатпарлы қораптарды үптеу және қаптауға
арналған А5АО2К автоматы.
Желі картондықаңылтырлы қалбырларға қоспаларды салу үшін
мақсатталған, бірақ оларды металл қалбырларға салу үшін де пайдала
-
нылуы мүмкін.
Желі өнімділігін реттеуді қораптау автоматында орнатылған вариа
-
тормен және орайтын автоматта ауысымдық бұрандалы жылдамдықтар
қорабымен іске асырады. Қалған жабдықтарда желінің берілген қарқыны
автоматты түрде ұсталып тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: