Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 Ә. Ізтаев, К. Б. Байболов



Pdf көрінісі
бет103/161
Дата14.06.2022
өлшемі16,75 Mb.
#146530
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   161
Байланысты:
(K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы

71-с
урет
. Ж
ар
мадан «Г
ерк
ул
ес» сұлы үлпек
терін өндір
удін 
те
хно
логиялық с
ызба нұсқасы 


234
Сұлы жармасын кептіру, одан кейін булау кезінде ондағы ылғал 
құрамы рұқсат етілетін нормалардан асырмау үшін қажет.
Кептірілген жарманы қауызын бөліп алу үшін аспиратор 3 (аспи­
рациялық колонка түріндегі) арқылы өткізеді және қауызсыз далма­
ған дәндерді және дән қоспаларынан бөлу үшін жармабөлгіш машина
-
да 4 және бақылау 5 (падди­машина) машинасында кезекпен өңдейді. 
Тазартылған жарманы екінші рет аспиратор 10 арқылы өткізеді және 
бункерде 9 жинайды.
Қауызсыздалмаған жарма бункерде 6 жиналады. Ол жеткілікті мөл­
шерде болған жағдайда қауызсыздау поставында 7 қауызсыздайды, жар
-
ма бөлетін машинада 8 тазалайды және негізгі жармамен қосады.
Қауызсыздалмаған дәндер мөлшері аз болса, оларды тазалау тиімсіз 
және оларды қалдықтарға бағыттайды.
Тазартылған жарманы булағышта 11 булайды, ылғал таралуы үшін 
бункерде 12 ұстап тұрады және үлпектерді жаншу станоктарында 13 
жаншиды.
Алынған үлпектерді ленталы тасымалдағышпен 14 сұрыптау елегіне 
15 бағыттайды, ол жерде ұсақ­түйектен бөледі. Содан кейін ленталы 
тасымалдағышпен 16 қауызды бөлу үшін және кептіруге аспирациялық 
колонкаға 17 бағыттайды.
Дайын үлпектерді автоматта 18 қораптайды. Қораптарды құрылғыда 
19­20 штабелдейді және автоматта 21 бумаларға қаптайды.
Шикізат шығынының нормалары. 
Сұлыдан жасалған диеталық 
өнімдер өндіруде шикізат шығынын өңдеуге түсетін дәннің тазалық 
дәрежесін, шикізат пен дайын өнімдегі ылғал айырмасын, дайын өніммен 
бірмезетте алынатын қалдық мөлшері мен технологиялық операциялар 
бойынша құрғақ заттардың шығынын біле отырып, есептеуге болады.
Шикізат шығынының нормаларын есептеу үшін жартылай фабрикат 
шығымын, қажетті параметрлері, мысалы, ылғалдығы анықталып да йын 
өнім мен қалдықтың мөлшері өлшенеді.
Шикізат тазалығын ескеру кезінде эталон ретінде, техникалық жағдай 
талаптарын қанағаттандыратын, кондициялық шикізат қабылданады.
Ылғалдылық өзгеруі есебінен шығын нормаларын анықтап, шикізат 
пен дайын өнімді талдау кезінде лабораториялық жолмен анықталған 
фактілі ылғалдық емес, қолданыстағы стандарттардың техникалық 
жағдайларымен қарастырылған, шикізат пен дайын өнімнің ылғалдығы 
ескеріледі.
Шикізат пен дайын өнімнің тазалығы мен ылғалдығы көрсеткіштерінде 
ауытқу болған әрбір жеке жағдайда (ол тиісті құжаттармен расталады, 


235
мысалы шикізаттың артық шығындалуы немесе үнемделуі туралы акт) 
шикізаттың шығынын стантарттармен қарастырылған деректер негізінде 
емес, фактілі сапалық көрсеткіштері бойынша есептейді.
Сұлыдан жасалған диеталық өнімдер өндіруде шикізат шығынының 
нормалары өндірістің техникалық жағдайына байланысты.
Шамамен 1 т «Геркулес» үлпегін дайындауға орташа алғанда 1928 
кг сұлы немесе 1045 кг жарма, 1 т талқан дайындауға – 2032 кг сұлы 
шығындалады.
Шикізат шығынының нормаларын есептеу үшін (3) және (4) форму
-
лаларды пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет