Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 Ә. Ізтаев, К. Б. Байболов


-ТАРАУ ДӘНДІ ШИКІЗАТТАРДАН ЖАСАЛҒАН



Pdf көрінісі
бет105/161
Дата14.06.2022
өлшемі16,75 Mb.
#146530
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   161
Байланысты:
(K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы

11-ТАРАУ
ДӘНДІ ШИКІЗАТТАРДАН ЖАСАЛҒАН
ҚҰРҒАҚ ТАҢҒЫ АСТАР
Құрғақ таңғы ас тобына жүгеріден, бидайдан, күріштен алынған 
үлпектер, жарылған дән немесе түтікшелер және толығымен тағамға 
қолдануға дайын өнімдер жатады.
1
1.1 Жүгері үлпектері
Жүгері үлпектерін өндіру 72
-
суретте келтірілген технологиялық 
сызбанұсқа бойынша іске асырылады.
Жүгері жармасын қоспалар мен ұнтақтардан дән сепараторында 1 та
-
залайды және жуу машинасында 2 жуады, содан кейін шнекті булағышта 
3 өткір бумен булайды және шамалы уақыт аралығында бункерде 4 
ұстап тұрады. Содан жарма пісіру аппаратына 5 түседі, оған жинағыш­
мөлшерлегіштен 6 қантты­тұзды ерітінді құяды. Пісірген соң жарманы 
пісіру аппаратынан алып, аппаратта 7 кептіреді. Кептірілген жарманы 
бункерде 8 6­8 сағат бойы қайталап ұстайды, буратта 9 (кесектерді бөлу 
үшін) елейді, шнекті булағышта 10 булайды және жаншу станогында 11 
дәндерге жұқа жапырақша пішінін бере отырып жаншиды. Содан кейін 
оларды ұншықты бөлу үшін елек 12 арқылы өткізеді және арнайы пеш
-
те 13 қуырады.
Дайын үлпектерді виброелекте 14 сұрыптайды, салқындатады және 
тасымалдағышта 15 тексереді, содан кейін қаптау­қораптау автоматына 
16 береді. Жүгері үлпектері бар қораптарды орап­қаптайтын автоматта 
17 крафт­қағаздан жасалған бумаларға қаптайды. 
Егер жүгері үлпектерін қантпен әйнекеленсе, оларды салқындатып 
және виброелекте 14 сұрыптаған соң әйнекелеу үшін аппаратқа 18 
бағыт тайды, онда бірмезетте жинағыштан 20 қант шәрбәтін береді. Ап
-
параттан 18 шыққан әйнекеленген үлпектерді салқын ауа ағынымен 
салқындатады және елейді, сосын оларды автоматта 19 буып түйеді. 
Дайын қораптарды автоматта 21 будаларға қаптайды.
Қант шәрбәтін және глазурьды тұзды елеуге арналған виброелек
-
тен 22, тұзға арналған мөлшерлегіштен 23, қантқа арналған елеуіштен 
24, суға арналған көлемдік мөлшерлегіштен 25, дессуторлардан 26, 
ерітіндіге арналған сүзгіден 27 және насостан 28 тұратын қондырғыда 
дайындайды.


240


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет