Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 Ә. Ізтаев, К. Б. Байболов



Pdf көрінісі
бет104/161
Дата14.06.2022
өлшемі16,75 Mb.
#146530
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   161
Байланысты:
(K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы

10.4 «Экстра» үлпектері
«Экстра» нөмірлі үлпектерін өндіру технологиясы «Бюлер­Миаг» 
фирмасының жинақ жабдығын қолдануға негізделген.
Дән тазалау бөлімінде сұлы дәнін тазалауды келесі түрде іске асы
-
рады:
­ магнитті сепаратордан, қосарланған дәндерді бөлу және қылтандарды 
кесіп тастайтын саңылаулары 2х2 мм металлды тордан тұратын елек 
цилиндрі бар DNRB­6012 қылтансындырғыштан бір қайтара өткізу;
­ дәннен 4,5х25 мм саңылаулы жоғарғы електің кетімімен алынған 
ірі қоспаларды және 2,2х2,8 мм саңылаулы електің өтімімен алынған 
сұлының майда дәнімен қоса майда қоспаларды бөлетін MVSF аспи
-
рационды каналы бар MTRA 100/200G сепараторы арқылы бір қайтара 
өткізу; аспирационды каналда суыру арқылы сұлыдан жеңіл қоспаларды 
бөледі;
­ саңылау өлшемдері 2,0­2,1х19 мм цилиндрлік електік барабанның 
кетімімен алынған сұлының майда дәнін алатын, ал өтімімен – май
-
да қоспалардың құрамына байланысты І, ІІ немесе ІІІ категориялы 
қалдықтарға жіберілетін осы қоспаларды алатын DSTZ­1Е барабанды 
сұрыптау құрылғысы арқылы саңылаулары 2,2х28 мм електің өтімін бір 
қайтара өткізу;
­ барабанды сұрыптау құрылғысында алынған дәндермен қоса се
-
параторда алынған негізгі дәндерді MTSB­100 тас бөлгіш арқылы бір 
қайтара өткізу;
­ қысқа қоспалар, майда және ұсақталған дәндерден сұлыны тазарта
-
тын UN­201­7 цилиндрлік триер­қарамықша бөлгіш арқылы сұлы дәнін 
бір қайтара өткізу.


236
Тазаланған дәнді MOZA 2­125 қарқынды ылғалдау аппаратында 
қажеттілігіне қарай ылғалдайды, сосын бөктіреді.
Тазаланған сұлы дәнін қауызсыздаудан бұрын UN­201­7 цилиндрлік 
триер (қарамықша бөлгіште) және 2,5х19 мм цилиндрлік електік ба
-
рабан саңылауы бар DSTZ­1D барабанды екі цилиндрлік сұрыптау 
құрылғысында іріліктің екі фракциясына бөлу жүргізіледі.
Сұлыны қауызсыздауды DMHB­5117 ортадан тепкіш қауызсыз­
дағыштарында бөлек фракция ірілігі бойынша жүргізіледі. Ротордың 
айналу жиілігі 900­ден 2150 айн/мин; шағылдырғыштық сақинасының 
айналу жиілігі 5 айн/мин құрайды.
Қауызсыздау өнімдерін бөлу мақсатында қауызсыздау өнімдерін 
қауыздан ішінара ажырататын DSTA­0580 цилиндрлік бураттарда бөлек 
әр фракцияны суырады.
Қауыздан ажыратылған өнімдерді сұлы ядросынан қылдар мен 
мамықтарды алып тастайтын 1,0х16 мм електік цилиндрлі штампталған 
саңылауы бар DNRB­6012 қылтансындырғышқа жіберіледі.
DSTA­0920 цилиндрлік буратында қауызсыздау өнімдерін екі қайтара 
өткізу кезінде қауызсыздау өнімдерінде қалған қауыз, ұнтақ, мамық, 
қылдардан соңғы тазарту жүргізіледі.
Қауызсыздалған және қауызсыздалмаған дәндерді бөлуді әр фрак
-
ция бойынша бөлек DNTB­72 және DNTB­48 падди­машиналарында 
жүргізіледі. Бөлініп алынған қауызсыздалмаған дәнді қайта 
қауызсыздайды. Падди­машинадан шыққан ядроны арпа, бидай, қара 
бидай сияқты мәдениетті өсімдіктердің қалған дәндерін ядродан бөлетін 
DSTZ­2DP барабанды сұрыптау құрылғысына бір ағынмен жіберіледі.
Сұлы ядросын DSDA­1016D буландырғышында гидротермиялық 
өңдеу жүргізеді және DNCA 1403K1500 кептіргішінде кептіреді. Бу
-
лау мен кептіруді 0,7 МПа­дан төмен емес бу қысымында жүргізеді. 
Буландырғышқа беретін буды ылғалдан бөлу үшін буландырғыш алдына 
конденсат жиынтығын орнатады. Буландырғыштағы дәннің жылыту тем
-
пературасы 100
0
С­дан төмен болмау керек, ал кептіргіште – 100­115
0
С.
Булау үдерісіндегі ядро ылғалдылығының жоғарылауы 3­4%­ды, ал 
кептіру үдерісіндегі ылғалдылықтың төмендеуі 5­6%­ды құрау керек. 
Кептіргіштен шығатын ядроның ылғалдылығы 11,5%­дан кем болмау 
керек.
Буланған және кептірілген ядроны DSRD ажарлау машинасын
-
да ажарлайды және ажарлау кезінде алынған жарманы қауыз, ұнтақ, 
мамық бөлшектерінен тазарту үшін DSTA­0580 цилиндрлік буратын
-
да суырады.


237
Сұлы жармасынан жарылған түйіршіктерді бөлу үшін цилиндрлік 
триер (қарамықша бөлгіш) арқылы өткізеді және дайын өнім ретінде 
бункерге жібереді.
«Экстра» үлпектерін өңдеуде жарманы кесу үшін LYGT барабанды 
жарма кескішке жіберіледі.
Жарма кескіштен кейінгі кесілмеген түйіршіктерді қайта кесуге 
жіберіледі, ал кесілгендерін ірілігі бойынша бөлу үшін MPAQ­207Н 
елеуішіне жіберіледі.
2,5х25 мм саңылаулы елеуішінің жоғары металлтоқылған елегінің 
кетімі кесілмеген түйіршіктерден тұрады, оларды DSTA­0400 тік бу
-
ратында суырғаннан кейін және кесілген жармадан майда бөлшектерді 
бөлу үшін UN­201­15 триерден (қара сұлы бөлгіш) өткізгеннен кейін 
қайталап кесу үшін барабанды жарма кескішке жіберіледі.
Ұнтақ пен майда жарманы – 0,8­0,8 мм саңылаулы елеуішінің төменгі 
металлтоқылған елегінің өтімін іріктеп алып ұн тартуға жібереді.
Қажет өлшемді кесілген түйіршіктер түрінде 0,8х0,8 мм саңылаулы 
елеуіштің орташа металлтоқылған елегінің кетімімен алынған орташа 
үлпектерді DSTA­0400 тік буратында суырғаннан кейін жаншу алдын
-
да булауға жіберіледі.
Кесілген жарманы булауды DSDC буландырғышында екі ағынмен 
жүргізеді. Буландырғышқа берілетін будың қысымы 0,7 МПа­дан кем 
болмау керек. Ылғалдан буды бөлу үшін буландырғыш алдына конден
-
сат жиынтығын орнатады. Буландырғыштағы жарманың қызу темпера
-
турасы 100
0
С­дан төмен болмау керек. Буландыру үдерісіндегі жарма 
ылғалдылығының жоғарылауы 3%­дан кем болмау керек. Жаншудың ал
-
дында жарма ылғалдылығы 18%, температура 80­100
0
С болу керек.
DSAA­0800 қоректендіргішпен буланған жарманы екі білікті прес
-
стерден тұратын DNQB­5008 жаншу станогына жібереді.
Алынған үлпектерді 80­100
0
С кептіру агентінің температурасында жалған 
қайнау қабатында OTW­150С кептіру агрегатына жіберіледі.
Үлпектерді кептіру үшін ыстық ауаның орнына үлпектердің кеуіп 
кетуінің алдын алу мақсатында салқын ауаны қолдануға рұқсат етіледі. 
Кептіруден кейінгі үлпектердің ылғалдылығы 12%­дан артық болмау 
керек.
Үлпек массасынан Ø1,2 мм саңылаулы төменгі електің өтімімен 
алынған ұнтақты және Ø12 мм саңылаулы жоғарғы електің кетімімен 
алынған жабысқан үлпек кесектерін бөлу үшін, кептірілген үлпектерді 
бақылау елеуін үлпектерге арналған елеуішінде жүргізеді.


238
Өңдіру мөлшеріне қарай дайын үлпектерді әрқайсының сыйымдылығы 
2 т жылжымалы қораптарға жібереді. Үлпектердің қораптарды болу 
уақыты 2 сағаттан кем емес және 12 сағаттан артық емес. Қораптарда 
үлпектер салқындайды және ылғалдылығы біркелкілікке келеді.
Үлпектер қораптардан PИE4, SР­31 буып түю­қаптау қондырғысына 
түседі. Сұлы үлпектерін 1 кг массалы картон будасына буып түйеді. 
Үлпектері бар будалар топтық қаптау машинасына келіп түседі.
Ұн өндіру үшін GGM­680 ұсақтағышында үлпектерді, ұсақталған 
жарманы, ұнтақты ұнтақтайды, сосын ұнды MKVA 5610M виброцен
-
трифугалында центрифугалайды және буып түю қондырғысында буып 
түйіледі. 


239


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет