Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 Ә. Ізтаев, К. Б. Байболов



Pdf көрінісі
бет90/161
Дата14.06.2022
өлшемі16,75 Mb.
#146530
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   161
Байланысты:
(K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы

Қайнатпаны кептіру. 
Қайнатпаларды «Нема» шашыратып кептіру 
қондырғыларында кептіреді (68­сурет).
Қондырғы диаметрі мен биіктігі 4500 мм­ге дейін кептіргіш цилиндрлі 
мұнарадан 4 тұрады. Мұнарада төменгі және жоғарғы аймақтарда 
орналасқан ыстық ауаны төрт кіргізу саңылаулары 2 және жоғарғы жабы
-
нында өңделген ауаны шығаруға арналған саңылауы 3 бар.
Мұнараның ішінде бу турбинасы 6, айналып тұратын айналу жиілігі 
8000 айн/мин шашқыш диск 5 және кептірілген қайнатпа мұнара еденінен 
арту саңылауына берілетін жинағыш айналу механизмі 7 орнатылған. 
Мұнара төбесінде кептіру мұнарасына түсетін қайнатпа үшін арынды 


210
бак 1 орнатылған. Кептіру мұнарасынан өңделген ауа жеңді сүзгілері 
9 арқылы өнімділігі 16000 м
3
/сағ негізгі желдеткішпен 10 атмофераға 
шығарылады. Сүзгіде жиналған құрғақ өнім, кептіру мұнарасындағы 
өнім сияқты, шнекке 8 түседі және елекке 11 жіберіледі, ол жерде өнім 
салқындатылады және кесектерден босатылады.
Кептіру қондырғысы электрқозғалтқыштарының жалпы қуаты 22,3 
кВт. Жарма қайнатпаларын кептіру кезінде өнімділігі сағатына 400 кг 
буланған ылғалға тең. 1 кг буланған ылғал бу шығыны 3,5 кг құрайды.
Кептіру қондырғысын жұмысқа арнайы нұсқау бойынша қосады. 
Кептіру қондырғысы жұмыстық режимге қалай ене бастайды, сол ме
-
зетте кептіру мұнарасы төбесіндегі арынды бакқа резервтік сыйым­
дылықтардан температурасы 90
0
С сұйық қайнатпа беріледі, ал одан 
насоспен айналып тұрған шашқыш дискіге жібереді. Арынды бактегі 
қайнатпа деңгейі үнемі тұрақты болуы қажет, ол бактегі ағызу құрылғысы 
көмегімен іске асырылады.
68-сурет
. «Нема» шашырату кептіргішінің сызбанұсқасы
Ортадан тепкіш күш әсерімен қайнатпа дискінің шетіне ығысады 
және форсунка (қондырма) арқылы кептіру мұнарасына шашырайды, ол 
жерде өте ұсақ тамшылар түрінде температурасы 140­160
0
С ыстық ауа 
ағынымен алынып әкетіледі. Қайнатпаның қатып қалған бөлшектері ауа­
мен сүзгіге қуылып, сол жерде шөгіп қалады. Кептірілген қайнатпаның 
ірі бөлшектері мұнара түбіне шөгеді, ол жерден жинау механизмімен 
қабылдау шнегіне жіберіледі.


211
Қайнатпаның кейбір ірілеу тамшылары кеуіп үлгермей жатып, 
мұнараның қабырғасына дейін ұшып барады да, шөге отырып кеуіп 
кетеді. Мұнара қабырғасына шөккен өнім сапасы кәдімгілерден нашар. 
Сол себепті оны жинаудың қажеті жоқ. Шашыратқыш диск жұмысының 
дұрыс істеу режимінің маңызы үлкен. Өніммен жанасатын дискінің 
ішкі бөлігі тегіс болуы қажет, диск дірілсіз қозғалуы қажет, оған өнім­
ді бірқалыпты беріп отыру керек. Диск айналу жылдамдығының төмен­
деуіне жол бермеу қажет, себебі бұл жағдайда қайнатпаның шашырауы 
тоқтатылуы және мұнараны су басуы мүмкін.
«Нема» кептіргіші реттеуші құрылғымен жабдықталған. Реттеу, байла
-
ныстыру термометрі көмегімен өңделген ауаның берілген температурасы 
бойынша іске асырылады. Температура төмендеген жағдайда кептіргішке 
қайнатпаны беру автоматты түрде төмендейді және керісінше, рұқсат 
етілетіннен температура жоғары көтерілген кезде қайнатпаны беру 
өседі.
Кептіруге арналған ауаны арнайы сүзгі арқылы өткізіп тазалайды, 
оның ұяшықтары висцин майымен майланған. Сүзгі өнімділігі 14000 
м
3
/сағ кезде ауаны тазалау коэффициенті 94­96% құрайды, яғни ауаны 
шаңнан тазалау іс жүзінде толығымен іске асады. Сүзгінің таза түрінде 
қарсылығы 49 Па құрайды. Қарсылықтың ұлғаюы сүзгі кассеті ластану 
туралы куәлік береді. Тазаланған ауаны 140­160
0
С дейін температурада 
бу калориферлерінде жылытады және кептіру мұнарасына жібереді.
Кептіргіш жұмысына бақылауды басқару орнынан жүргізіледі. 
Басқару пульті – кептіргішке калориферден түсетін ауаның, сүзгіге 
кептіру мұнарасынан ауа қуу құбырындағы өңделген ауаның және 
сүзгіден соң атмосфераға тасталатын ауаның температурасын тіркеу 
құрылғысымен жабдықталған. Ауаны өлшеудің екі нүктесі еркін. 
Бірі кептіру мұнарасының кез келген нүктесінде ауаны өлшеу үшін, 
екіншісі – аспап көрсеткіші дұрыстығын бақылау үшін пайдала
-
нылуы мүмкін. Басқару пультінде турбина айналуы санын көрсету 
құрылғысы, желідегі ток кернеуін тіркеуге арналған вольтметр, желідегі 
ток күшін бақылауға арналған амперметр және кептіргіштің барлық 
электрқозғалтқыштарының қосқыштары орнатылған.
Кептіру жүйесіндегі ауаның қозғалысы, 1470 Па тең ауа қысымын 
туғызатын негізгі желдеткіш көмегімен іске асырылады.
Дайын өнім бойынша кептіру қондырғысының өнімділігі кептіргішке 
түсетін сұйық қайнатпадағы құрғақ заттардың құрамына және құрғақ 
қайнатпаның соңғы ылғалдығына байланысты.
«Нема» кептіргішінің құрғақ қайнатпа бойынша өнімділігі туралы 
буланған ылғалдығы 400 кг/сағ және дайын қайнатпадағы құрғақ заттар 


212
құрамы 94% болғанда қондырғы өнімділігі кезінде (1) және (2) форму
-
лалар бойынша есептелген деректер 53­кестеде келтірілген.
мұндағы: 
U
– сағатына буланған ылғал мөлшері (кг/сағ); 
w
1
– кептіруге 
түсетін өнімнің ылғалдылығы, %; 
w
2
– дайын өнімнің ылғалдылығы, 
%; 
q
1
– сағатына алынатын дайын өнім мөлшері, (кг/сағ); 
q
2
– сағатына 
кептіруге түсетін өнім мөлшері (кг/сағ).
Құрғақ қайнатпа шығымын 69­кесте деректерін пайдаланып есеп
-
теу кезінде мынаны білген жөн, негізгі желдеткіш ауамен бірге құрғақ 
қайнатпаның шамалы мөлшерін алып кетеді. Сүзгілер қалыпты жұмыс 
істеу кезінде бұл шығын 3%­н аспауы қажет.
Кептіруге түсетін қайнатпадағы құрғақ заттардың тиімді мөлшері 7%. 
Құрғақ заттары көп қайнатпа, жылдам түрде сілікпе массасын тез түзеді 
және нашар шашырайды.
69-кесте 
«Нема» кептіргішінің құрғақ қайнатпа бойынша 
өнімділігі туралы деректері
Сұйық 
қайнатпа­
дағы құрғақ 
заттардың 
массалық 
үлесі, %
Қажетті 
сұйық 
қайнат­
па мөл­
шері, 
кг/сағ
Құрғақ 
өнім 
бойынша 
кептіргіш 
өнімділігі, 
кг/сағ
Сұйық 
қайнат­
падағы 
құрғақ 
заттардың 
массалық 
үлесі, %
Қажетті 
сұйық 
қайнатпа 
мөлшері, 
кг/сағ
Құрғақ өнім 
бойынша 
кептіргіш 
өнімділігі, 
кг/сағ
4,0
417,7
17,7
8,0
437,2
37,2
5,0
422,4
22,4
9,0
442,5
42,5
6,0
427,2
27,2
10,0
447,6
47,6
7,0
432,2
32,2



Кептіру мұнарасы және сүзгілерден шыққан ұнтақ түріндегі қайнатпа 
кесектерді салқындату және елеу үшін виброелекке түседі. Қайнатпа 
№0,75 металл тоқылған елек арқылы өткізіледі. Електен өтпеген кесек­


213
терді ішінен кеппегендерді бөліп алады, ұсатқышта ұсатады, елейді және 
негізгі өніммен араластырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет