14
2.2 Кабельдер мен сымдар оқшауламасының түрлері
Поливинилхлоридтіпластикат
(ПВХ) – жалпыөндірістік
қолданыстағы
ең көп таралған оқшаулама, стационарлық төсеуде кабельдер мен сымдарда
қолданылады.
Поливинилхлоридтіпластикаттыңартықшылқтары:
- жоғары электрлік кедергісі;
- полимер дайындау үшін барлық компонеттері қолжетімді;
- коптеген реагенттерге химиялық төзімділігі;
- өртті таратпайды;
- бағасы төмен.
Пластикаттың кемшіліктері:
- температурасы 70
о
С жоғары кезде пайдаланғанда электрлік кедергісі
біршама азаяды;
- майысу кезінде
шектеп тұратын, қаттылығы.
Резиналыоқшаулама
– шектелген кеңістікте орнатылған, кабельдік
бұйымдардың майысу радиусын тағайындауға мүмкіндік береді, және де
икемді байланысқа арналған өткізгіштерде көп сымдық талшықтарда
қолданылады.
Оң қасиеттері:
- жақсы иілгіштігі, арзандығы;
- поливинилхлоридтіпластикаттан жасалған оқшауламаға қарағанда
электр оқшауламалық
қасиеттері біршама жоғары;
- ауадағы су буын жұтпайды.
Резиналы оқшауламаның теріс қасиеттері:
- температурасы 80
о
С жоғары кезде пайдаланғанда электрлік кедергісі
төмендейді;
- күн радиациясына сезімтал (жеңіл тотығу) кейін сыртқы қабаты
шытынайды;
- қызу кезінде нәәзіктігі артады;
- өртті таратады.
Қағаз сіңдірілген оқшаулама
(БПИ) - ең көп тараған дәстүрлі оқшаулама,
ол тұтқыр немесе тамшыламайтын электр оқшауламалы құраммен
сіңдірілгенкабельді лентаның қағазынан жасалады.
Қағаз сіңдірілген оқшауламаның негізгі қолданатын жері - грунтта төсеу
үшін жоғары вольтті кабельдерде.
Қағаз сіңдірілген оқшауламаның оң қасиеттері:
- кабель өнідірісінде сапасы жоғары және бағасы төмен;
- жақсы диэлектриктік қасиеті;
- кабельдік желіні монтаждау
кезінде беріктігі жоғары, салыстырмалы
түрде қарапайым және игерілген операциялар.
Қағаз сіңдірілген оқшауламаның теріс қасиеттері:
15
- ылғалды сорған кезде диэлектриктік қасиеті жоғалады, сондықтан
қабықша қажет;
- оқшауламалық сіңдіруі өте төмен, сондықтан ҚСО кабельдері үшін
кабель желілерінің биіктігіндегі айырмашылықтары өте маңызды (15-25
метрден кем емес);
- өрт қауіптілігі жоғары;
- механикалық беріктігі төмен;
- салыстырмалы түрде
қызмет мерзімі аз;
- асқын кернеуге қарсы;
- төмен температурада монтаждаудың күрделілігі.
Полиэтиленді оқшаулама
(БПИ) - тізбектегі молекулалар арасындағы
тиімділігі жоғары байланысы бар қазіргі заманғы материал; негізгі
тағайындамасы - стационарлы төсеуге арналған жалпыөндірістік кабельдер мен
сымдар, электр өткізетін құрамдардың қоспалары экрандарды дайндаған кезде
қолданылады.
Оң қасиеттері:
- жоғары диэлектриктік көрсеткіштері (ПВХ пластикаттың электрлік
кедергісінен 300 есеге асады);
- химиялық
реагенттерге төзімділігі;
- ылғал өткізгіштігі төмен;
- технологиясы игерілген.
Теріс қасиеттері:
- бағасы салыстырмалы түрде жоғары;
- температура жоғарылағанда электрлік кедергісі төмендейді;
- қызған кезде сынғыштығы жоғарылайды.
- қаттылығы, желідегі майысу кезінде қолданысты шектейді.
Оқшауламасы тігілген полиэтиленнен
(СПЭ) - тізбектегі молекулалар
арасындағы тиімділігі жоғары байланысы бар (әдеттегі полиэтиленді
оқшауламадағыдай) қазіргі заманғы материал, және оның көршілес тізбектегі
молекулалар арасында байланысы бар.
Негізгі қолданысы- грунтта төсеуге арналған жоғары вольтті кабельдер.
Артықшылықтары:
- иілгіштігі өте жоғары;
- салмағы мен өлшемінің сипаттамалары жақсы;
- кабельдік желінің биіктігінің өзеруі маңызды емес;
- жоғары электрлік жүктемелерді жеткізгенде таңдалады;
- талшығының қызуына мүмкіндік береді (әдеттегі 70
о
С орнына 90
о
С)
- ылғалды жұтуы төмен, сондықтан қымбат
тұратын металл қабықша
қажет емес;
- төмен температура кезінде монтаждағанда жоғары технологиялығы
(жылытусыз минус 20
о
С дейін);
- жоғары өрт қауіпсіздігі.
16
Кемшіліктері:
- бағасы өте жоғары;
- дайындаудың технологиясы күрделі;
- дәстүрлі оқшауламамен салыстырғанда, электр торабындағы пайда
болған асқын кернеуден жергілікті ақаулар пайда болады және әлдеқайда
қарқынды дамиды.
- кабельдік желілердегі сыйымдылық токтың мәні жоғары (дәстүрлі
оқшауламамен салыстырғанда 2-3 есе жоғары), олар жерге бір фазалы
тұйықталу кезінде 6-35 кВ электр тораптарына
теріс әсер етеді;
- муфталар мен арматураларды орнатқанда қиындық тудырады;
- арнайы қондырғылар мен жоғары кернеумен сынақ жасау әдістерінің
қажеттілігі.
Достарыңызбен бөлісу: