2.3 Экрандар, қабықшалар және сыртқы қабаттар Электр магниттік экрандар - кабельдердегіэлекр өрісін түзету үшін,
және де талшықтан өтетін сигналдарды электр магниттік кедергіден қорғау
үшінқолданады.
Экранның келесі конструкциялары шығарылады:
- Қағаз сіңдірілген оқшауламада металдандырылған қағаздан;
-
Поливинилхлоридтіпластикат
және
оқшауламасы
тігілген
полиэтиленнен оқшаулама кезінде мыс сымтемірден;
- мырышталған болат сымтемірден (біріктірілген брондау және
экрандау).
Экрандар иілгіш, қосымша механикалық қорғанысты қамтамасыз етеді.
Кемшіліктеріне дайындау үшін қажетті материалдардың бағасының жоғары
болуын жатқызуға болады.
Кабельдер мен сымдардың қабықшалары - күн радиациясынан, су мен
ылғалдан, агрессивті заттар мен механикалық зақымдалудан қорғауға арналған.
Сонымен қатар олар май бензинге төзімді, өртті таратпайтын және төмен
температурада өз функцияларын атқару қасиетіне ие болуы керек. Қабықшалар
металл (алюминий немесе қорғасыннан), ПВХ пластикаттан, арнайы шланг
түріндегі резинадан болады.
Қорғаныс қабаттары - бірқатар жерлерде қабықшаларды алмастырады
және көпшік, броньды және сыртқы қаббатты болуы мүмкін.
Көпшік оқшауламаны өткізгішті брондау үшін оралған болат лентадан
немесе сымтемірден қорғау үшін қолданылады. Брондау болат немесе
алюминий лентадан болмаса сымтемірден жасалады (кабельдің ішкі бөліктерін
соққыдан және басқа механикалық әсерден сақтауға арналған). Сыртқы қабат
атмосфералық және сыртқы факторларға саңылаусыз және беріктік қасиетіне
ие болуы керек, яғни қабықша болады.
Қорғаныс қабаты қағаз сіңдірілген оқшауламасы бар жоғары вольтті
кабельдерде пайдалануда кеңінен қолданыс табуда. Мақта мата иірім жібінен,
лен немесе тігін жібінен, және де шыныталшықтан жасалады.
17
Кабельдер маркасының әріптік белгіленулері төменде берілген [5]: