Бердалы мырзаханов



Pdf көрінісі
бет34/128
Дата19.06.2022
өлшемі4,54 Mb.
#146808
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   128
Байланысты:
f616416553eca5 (2)

 
 
57 
1.
Фонетикалық; 
2.
Семантикалық; 
3.
Семантикалық; 
4.
Стилистикалық; 
5.
Логикалық; 
6.
Мәдени-әлеуметтік; 
7.
Арақатынасу бөгеттер 
Фонетикалық кедергілер 
- медициналық қызметкер нау-
қасқа айқын емес, өте тез сөйлегенде немесе әр тілде және 
диалектте сөйлесе, тіл және дикция ақаулары болған жағдай-
да кездеседі. 
Семантикалық (маңыздылық) бөгет, 
адамның жасына, 
мамандығына немесе әлеуметті жағдайына, мысалы, жастар-
дың, нашақорлардың, шалғай аудандардың тұрғындарының 
тіл ерекшеліктеріне байланысты байқалады. Кейбір кездері 
дәрігер мен мейірбике медициналық терминдерін шектен тыс 
қолданып, науқасты «медицина» тіліне көшуіне, яғни жанама 
сөздерді пайдалануына, өздері итермелейді. Бұл науқастың 
психикасына кері әсерін тигізеді, түрлі психологиялық 
реакцияларын қоздырады. 
Стилистикалық бөгет, 
қатынасу кезінде мейірбикенің ті-
лі жағдаятқа сәйкес болмаса мысалы, ол тұрпайы сөйлеп нау-
қастың психологиялық ерекшеліктеріне, жағдайына байла-
ныссыз, мәдени, білім дәрежесіне сай емес сөздерді 
қолдануы. 
Логикалық түсініксіз болмау кедергісі, 
медициналық 
қызметкердің тілі күрделі, науқасқа түсініксіз немесе ақи-
қатқа сай емес болған жағдайда пайда болады. Бұл – мейір-
бикенін медициналық әрекет алдында жүргізілген сұхбаты 
кезінде немесе дәрі-дәрмек қабылдау ережелерін түсіндір-
генде байқалады. 
Мәдени-әлеуметтік бөгеттің 
даму себептері, науқасты 
белгілі бір мамандықтың өкілі немесе ұлт, жыныс, жасының, 
әлеуметті жағдайдың тұлғасы ретінде қабылдау болып табы-
лады. Кейбір ауруларға медициналық қызметкердің беделі, 


 
58 
әсіресе, жас маманның беделі жеткіліксіз болғандықтан, ол 
бұндай көзқарастарға дайын болуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет