59 уайымдайды. Олар дерттің асқынуларына, рецедив беруіне,
дәрілік заттардың жағымсыз әсерлеріне аса назар аударады.
Науқас барлық жағдайларға күмәнмен қарап, сәл нәрсеге
дәрігердің, медицина қызметкерінің қосымша зерттеуін сұ-
райды. Дәрілік заттарды қабылдамас бұрын уайымшыл нау-
қастар дәрілік заттың қарсы көрсеткішін, әсер ету уақытын
оқып, зерттейді. Науқасты мазалайтын барлық сұрақтарды
медициналық қызметкермен бірнеше рет талқылағанына
қарамастан, науқаста күмән туып, науқас оны жақындарымен
бөліседі. Әрбір тағайындалған жаңа диагностикалық және
терапевтік үрдіс науқасты уайымдатады, ол жүргізіліп жатқан
үрдістерге сенімсіздікпен қарайды. Егер қабылдаған дәрілік
заттың әсері тез дамымаса, науқас дәрігерге өзінің қорқыныш
сезімімен, мазалайтын сұрақтарымен қайта жолығады. Мұн-
дай науқастардың аты-жөнін барлық медициналық қызмет-
керлер біледі, сондықтан оларға тағайындалған процедура-
ларды, дәрілерді, қосымша түсініктеме беруден қашу мақса-
тында, күнделікті бір уақытта жүргізуге тырысады. Бірақ та,
жасалған әрекетерге қарамастан, уайымшыл науқастар үнемі
медициналық қызметкерлерді жаңа сұрақтарымен мазалайды.
Уайымшыл науқастар емдеу шараларының Дұрыстығына
күмәндікпен қарайды, сондықтан олар кез келген дерттің
жазылуына психологиялық тұрғыдан қиындықтар туғызады.
Көп сөзді науқастар. Тым көп сөйлейтін науқастар
медициналық қызметкерге көптеген қиындықтар туғызады.
Науқасты тыңдауға жеткіліксіздігіне, не медициналық қыз-
меткер оны «тыңдаудың қажеті жоқ»- деп санағанында
науқас медициналық қызметкердің көңіл-күйін бұзып, онда
шыдамсыздық, қозу белгілерін туғызуы мүмкін. Осындай
жағдайлардан медициналық қызметкер сәтті шығып кету
үшін көптеген пайдалы әдістерді қолданады. Науқасқа бес-он
минут сөйлеу еркіндігін беру керек. Бұл медициналық қыз-
меткерге науқастың сөйлеу мәнерін, жасырын қорқынышын,
ойлау қабілетін, психоз белгілерін анықтауға мүмкіндік бе-
реді. Медициналық қызметкер өзіне керекті сұрақтар қойып,
60 соған сәйкес жауап алуы тиіс. Керек болған жағдайларда
медициналық қызметкер науқастың сөзін бұзуы да мүмкін.
Медициналық қызметкер ешқашан өзінің шыдамсыздығын
көрсетпеуі тиіс.