депрессивті
көңіл-күйі оның
өткен шақтағы уайымымен байланысты, медициналық қыз-
меткердің болып кеткен конфликттері, психотравмалық жағ-
дайлары есіне жиі келгендіктен, науқаспен психологиялық
жанасуы қиындайды. Депрессивті медициналық қызметкер-
62
дің науқаспен әрекеттесуінде ол эмоционалды қолдануды
керекті дәрежеде қамтамасыз ете алмайды.
Депрессиялық жағдайға түсуге бейім медициналық қыз-
меткер науқасқа сенім ұялата алмайды.
Кез-келген типтегі ең қарапайым сәтсіздікке, қатерге өзін
кінәлі сезінетін медициналық қызметкерді көргенде, науқас
оның біліктілігіне күмән келтіре бастайды.
«Медициналық-қызметкер-науқас» қатынасының сенімді
құрылуына қиындық әкелетін тағы бір психологиялық сипат-
тама медициналық қызметкердің терең
интроверттілігі.
Интраверсия -
Бұл термин субъектінің өз-өзіне қарай
бағытталуын анықтайды, өзінің сезімдеріне, уайымдауына
шектен тыс назар аударуын білдіреді. Интровертті меди-
циналық қызметкер -өз психологиялық дүниесіне енген,
өзімен, өзінің сезімімен, ойымен айналысқан адам, сондықтан
оның науқас адамдарға ынтасы, қызығушылығы төмен бола-
ды. Интроверттілік науқаспен психологиялық жағымды кон-
такт орнатуға, эмоционалды қолдау көрсетуге кедергісін
келтіреді.
Тақырып 3.2. Қақтығыстардың
пайда болуына себептес факторлар
және оларды шешу жолдары
«Қақтығыс» (конфликт)
сөзі ла-
тынның «соnflictus»-шекісу, жанжал-
дасу деген және сол өзгермеген қал-
пында көптеген еуропалық халықтардың тіліне енді.
Тұлғааралық немесе адамдар әрекеттесуі мен қатынасуы,
олардың ойлары мен ықпалдарының бір-біріне сәйкес емес,
қарама-қайшы келуі салдарынан негативті эмоциялық әсер-
ден екі жақты да уайымға, қобалжуга әкелуін қақтығыс дейді.
Қақтығыстың негізінде жатқан жайларға қарай жіктелуі:
тулғааралық қақтығыстар;
тұлға және мекеме арасындағы қақтығыстар;
жеке топтар аралық қақтығыстар;
|