Бердалы мырзаханов



Pdf көрінісі
бет41/128
Дата19.06.2022
өлшемі4,54 Mb.
#146808
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   128
Байланысты:
f616416553eca5 (2)

 
 
65 
Деструктивтік қақтығыс 
дегеніміз - негативтік бұзы-
лысты әрекеттесу салдарынан дау-дамай туып, ұйымның 
немесе топтың жұмыс нәтижесі кенеттен күрт төмендеуі. 
Қақтығысқа әкеп соқтыратын адамның мінездік
ерекшеліктері.

өз мүмкіншіліктерін және қабілеттілігін біреулер 
жоғарылатып, екіншілері төмен ұстап, тиісті өзіндік 
бағалауы; Бұл жағдайдың екеуінде де, қоршағандардың тиісті 
баға беруіне қайшылық жағдай туып, ол қақтығыстың пайда 
болуына ықпал жасайды; 

жағдайдың мүмкіншілігіне қарамастан не болса да 
басымдылық жасауға тырысу; 

ескірген әдет-ғүрыптарды жеңіп шығуға талабының 
болмауы, ойлау білуі мен көзқарасының және түсініктерінің 
тұрақтылығы; 

айтулары мен пікірлерінің шектен тыс принциптілігі 
және тікелей болуы, не болса да шындықты көзіне айтуға 
тырысуы; 

тұлғаның келесі эмоционалдық қасиеттерінің жинағы 
болуы-үрейленушілік, агрессивтік (қарсыласуы), тітіркенгіш-
тік, қыңырлық. 
Қақтығыстың деңгейлері.
Психология докторы Даниэль Дэн өзінің адам аралық 
қарым- қатынасты жақсарту 4-іздік әдісінде қақтығыстың 3 
денгейін көрсеткен: 
1 деңгей: шекісу 
- жағымсыз жағдайлар, адам аралық 
қарым- қатынасқа ешқандай теріс әсерін тигізбейді 
2. деңгей: соқтығыс 
- шекісулер соқтығысқа ұласады, 
үрыс- керістердің себептерінің кеңеюі, адами арақатынастан 
алшақтап, адамның басқалардың мейірімді ниетттеріне 
сенімсіздік пайда болуы
 
3. деңгей: дағдарыс 
- біржола қарым-қатынас үзу жөнінде 
шешім қабылдау, Мұнда эмоционалды тұрақсыздық сонша-
лықты дәрежеге жетеді, кейде күш көрсетуге дейін барады.
 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет