Бердалы мырзаханов



Pdf көрінісі
бет43/128
Дата19.06.2022
өлшемі4,54 Mb.
#146808
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   128
Байланысты:
f616416553eca5 (2)

 
 
67 
а) бір жақтың үтысын қамтамасыз ету. 
Екінші жақ 
келіссе, Бұл даудың аяқталғаны. Бірақ тіршілікте керісінше 
болуы әбден мүмкін, сондықтан мұндай шара уақытша 
болып, келесі жолы өрши гүседі. 
б) алдау арқылы, 
өтіріктің көмегімен дауды басу, сөйтіп 
мәселені ніешу үшін уақыт үту. 
Бұлардан басқа үш әдісі бар, олар жағымды больга 
есептелінеді.
а) қақтығысқа қатысушыларды бір-бірінен екі жаққа толық 
ажырату. Бұл әдіс екі жақтың психологиялық сәйкестігі 
болмаған жағдайда қолданылады. 
б) жағдайды іштей басқа көзқараспен қабылдау. Қаты-
сушылардың рухани Құндылықтары өзгеріп, көзқарастары 
өзгеріп, дау-дамайдың нысанасын мүлдем өзгеше түсініп, 
өзара қарым-қатынастары жақсарады. 
в) тікетірестен ынтымақтастыққа көшу. Іскерлік саладағы 
дауларды шешудің әдісі. Қарама-қайшылықтарды азайтып, 
ортақ мақсаттарды үлғайтып келісімге келу жолы. 
Әр бір медициналық қызметкер жоғарыда көрсетілген 
қақтығыстан шығу жолдарын білгені жөн. Өйткені жұмыс 
барысында науқастармен, оның туыстарымен, әріптестер 
арасында, мекеме әкімшілігімен түрлі даулардың пайда 
болуы әбден мүмкін. Сол қақтығыстардан тиімді шығу 
мақсатында Дұрыс әдісті қолданып, медициналық қызметкер 
абыроймен дауды басу тиіс. 
Қақтығыстардың алдын алу.
Қақтығыстың алдын-алу Бұл - іс-әрекет қақтығыстың 
пайда болуына және қоғамдық жүйенің қандайда жақтарына 
өзінің бұзу қызметтерінің болдырмауына бағытталған. 
Медицина қызметкері мен науқас арасындағы 
қақтығыстарды алдын-алу жолдары 

Медициналық қызметкерді медицина мектебінің 
дәстүрлері тұрғысынан тәрбиелеу. Бүгінгі таңда медицина-


 
68 
лық қызметкердің мәдени жағына, дәрігерлік этика мен 
деонтология сұрақтарына қайта оралу қажеттігі өзекті мәсе-
леге айналып отыр. Негативті бағыттардың дамуы мәдени 
дәстүрлердің сақталуына кері әсерін тигізетіні айқын. Бұл 
әрине біздің дәстүріміздің бір бөлігі болып есептелетін деон-
тология сақтауға кедергі келтіретіні сөзсіз. Науқас медици-
налық қызметкерге толық сенім арттыруы үшін медициналық 
қызметкер оған мейірімділік көрсетіп отыруы маңызды. 

Емдеу жоспарын басқа әріптестерімен біріге отырып 
шешу. 

Медициналық құжаттардың толтырылуы сапасын қа-
дағалау. Медициналық құжаттар мұқият және сауатты 
толтырылып, аурухана, емхана әкімшіліктері тарапынан 
үнемі бақылауда болуы қажет. Бұл мәселе әсіресе науқастың 
қолына табыс етілетін кұжаттарда өте қатаң бақылауда болуы 
науқас наразылығын, сенімсіздігін тудырмаудың тағы да бір 
жолы болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет