Бердалы мырзаханов


  Қақтығыстан шығудың жолдары



Pdf көрінісі
бет42/128
Дата19.06.2022
өлшемі4,54 Mb.
#146808
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   128
Байланысты:
f616416553eca5 (2)

 
66 
Қақтығыстан шығудың жолдары.
Конфликттің тікелей сылтауынан әр конфликттің нағыз 
себептерін, оның ішінде, көбінесе жасырын жатқандарын 
ажырату керек. Қақтығыстардың себептерін жоймай, оны 
шешуге болмайтынын, әр адам ойында сақтауы керек. 
Конфликті күшпен немесе сөзбен тыныштандыру ешқандай 
нәтиже бермей, оның үдей түсуіне, тарап жайылуына жағдай 
жасайды. Осының салдарынан конфликті басу үшін, оның 
құрылу әлементтерін жою керек. 
 
Тұлғааралық қақтығыстарды шешу әдістері:
Бас тарту. 
Бұл әдісте адам қақтығыстан кетуге тырысады, 
дәлірек айтқанда қайшылық туғызатын жағдайларға тап 
болмау, келіспеушілік түғызатын сұрақтарды талқыга салмау. 
Көндіру. 
Бұл әдістің негізінде қақтығыстың белгілерін 
сыртқа шығармау, өйткені барлығы бір мақсатқа жету үшін 
бір істі орындап жатқанына сендіру. Нәтижесінде татулық 
пен ынтымақ орнығады, бірақ қайшылықтар қалып кетеді. 
Олар әрі қарай жиналып, нәтижесінде болашақта қақтығыс-
тардың пайда болуы мүмкін. 
Мәжбүрлеу.
Адам басқалардың көзқарастарымен санаспайды, өз ойын 
қайткен күнде де басқаға мойындатқысы келеді. Бұл әдісті 
қолданатын адамдар басқаларға әсер етуде өздерінің билік-
терін қолданады. 
Мәжбүрлеу әдісі тез арада шешім қабылдау керек кезінде 
тиімді болады. 
Компромисс. 
Екі жақ кейбір ойларынан бас тартып, екеуі-
не де тиімді ортақ шешім қабылдайды. Бұл жағдай екі жақ-
тың 
қанағаттануымен, 
қақтығыстарды 
тез 
шешуге 
көмектеседі. 
Проблеманы шешу. 
Қазіргі заман әлеуметтік психоло-
гиясында қайшылық жағдайлардың кем дегенде бес жолын 
көрсетуге болады. 
Олардың ішіндегі екеуі ұнамсыз болып есептелінеді, бірақ 
өкінішке орай ең кең тараған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет